ҚҰРМЕТТІ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

2019 жылдың 13 қазанында жүгіруді сүйетіндердің «Феникс» клубы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен «Күзгі жүгіру: сау ұлт – ел қауіпсіздігінің негізі!» акциясын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және халық арасында жүгіруді насихаттау.
Жарыс 2019 жылғы 13 қазан жексенбі күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында, 4 км-ге 09:00-де, 10 км-ге және 21 км-ге 10:00-де басталады.
Жүгіруге ниет білдіргендердің барлығы қатыса алады (медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар), қатысу тегін. Мәреге жеткен әр қатысушыға грамота беріледі, 10 және 21 км қашықтықтағы жеңімпаздарға жас ерекшеліктеріне қарай естелік сыйлықтар беріледі!
Қатысуға өтініштер 12 қазанға дейін +77074618017 («Whats App») немесе «ВКонтакте» (https://vk.com/id75792192) және «Инстаграм» @petropavlovskrunning әлеуметтік желілеріне келесі мәліметтермен жіберілуі керек: Аты, туған күні, жарияланған қашықтық.
Жарыс кез-келген ауа-райында өтеді!
Келіп, қуат алыңыз және көтеріңкі көңіл-күйде болыңыз!
Келем деушілердің барлығын күтеміз!
