ӘР НӘРСЕНІҢ БЕЛГІСІ БАР
Б
іздің тіліміз бай, сөзіміз мол дейміз, бірақ өмірімізде (орыста) жаңа нәрсе, жаңа қүбылыс пайда болғанда қазақша сөз таба алмай қиналамыз. Орыстың бір лингвисі, қандай да бір нәрсенің, құбылыстың бірнеше белгілері болады, солардың бірін алып сөз жаса, ол мұмкін болмаса шет сөзін қабылдап ал депті. Ең оңайы осы шет сөзін қабылдау, бірақ оны танымстай етіп мыжрайтсақ болды деп ойлаймыз. Мысалы, «завод» - зауЫт дейміз. Аңқау орыстар оны байқамаса болды дейміз. Осы заводтың қандай белгілері бар екенін қарастырайық.
«Завод» сөзі Ресейде Х1Х ғ. ғана пайда болыпты. Орыстардың таңырқап, қошаметтеп, зор мақтанышпен ауызға алатын Даль жинақтаған тұсндірме сөздікте «завод» деген термин жоқ; ал завести, заводить, заводь дегендер бар. Байқасақ, өндіріс дамып, кәсіпорындар пайда бола бастағанда осы «завести-заводить»-тан (бір белгісін алып) ЗАВОД терминін жасапты. Ертеден-ақ «завести-заводить»-тың мәні – устроить, оборудовать, основать, начать что-либо, привести в движение. Орыстың бір Қаңғыбас (Бродяга) туралы өлеңінде:
Бродяга к Байкалу подходит,
Рыбацкую лодку берет,
Унылую песню ЗАВОДИТ,
Про родину что-то поет.
Ал бізде осындай құрастыру, жабдықтау, жарату, бірдемені бастау ұғымдарын беретін сөз бар ма? Іздемеген кісіге жоқ, іздеген кісіге бар. «БАСТАУ» міне кәсіпке, өндіріске, іс-қимылға байланысты ұғым. «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білнеді...», - дейді Абай. Баяғыда, бала кезімде (мен 85 жастамын) ауылдағы үлкендер көрші ауылға кеткенде жастар бір үйге «бастан жасаймз» деп жиналып жататын.
Орыстың «завод» деген ұғымына біздің БАСТАН сөзіміз калька – тура аударма бола алады. Зат есім «завод» тың шыққан тегі «заводить» деген етістік екенін қазір лингвистерден басқа ешкім шұқылап, қазбалап тексермейді. Сол сияқты, «бастан» деген зат есімнің шыққан тегі іс-қимыл етістік екеніне қынжылмайтын боламыз.
