Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

QAZAQSTAN JASTARY

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстан Республикасы жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай дзюдодан 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілік өткізілді. Аталған жарысты ашып беру үшін аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Жамалатов, «Жалағаш аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Алдамбергенов сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жасөспірімдер арасында 10 салмақ дәрежесінде өткізілген жарысқа облыс көлемінен 15-ке жуық команда қатысты. Жарыстың нәтижесі бойынша командалық есепте бірінші орын Жалағаш ауданы, екінші орын Қазалы ауданы, үшінші орын Қармақшы ауданы иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен команда жетекшілері «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қорының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталады.

0
0
348

Еще по теме

QAZAQSTAN JASTARY - Yvision.kz