Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ЖАУЫНГЕРЛІК ҰРЫСТАРДЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жауынгер-интернационалистермен кездесулер өткізу полиция ведомствосында дәстүрге айналды. Ауғанстанда, тәжік-ауған шекарасында мерзімді әскери борышын өтеген 29 қызметкер солтүстікқазақстандық полиция қатарында қызмет атқарды, олардың кейбірі әлі де полицияда еңбек етуде. Айтулы датаға орай полиция ведомствосындағы кездесулер, әсіресе, жас қызметкерлер үшін ерекше форматта өтеді.

Мерейтойлық датаға арналған кездесуге облыстық және қалалық полицияның басшылығы мен жеке құрамы, Консультативтік-кеңесші органның мүшелері, Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев бүгінгі күннің полицейінің адамгершілік тәрбиесінде ардагерлердің алар орны зор екенін атап өтті. «Балаларымыздың болашағы мен біздің алдағы өміріміз ауыр қызметімізге деген қарым-қатынасымызға байланысты», - деді ол залға жиналған жастарға.

Жерлестеріне өздерінің алғыстарын, жүрекжарды лебіздерін жауынгер-интернационалист Талғат Самаратов пен департамент жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі, журналист Елена Чернышова да арнады.

Шақырылғандардың марапатталуы мерекенің әсерлі сәті болды. Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов Ауған соғысынының 18 жауынгеріне және шекарадағы қақтығыстарға қатысушыларға «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл» мерейтойлық төсбелгісі мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

...Алғашқылардың бірі болып сахнаға Давыд Шнайдер шықты. Ол Ауған жерінде мерзімде әскери борышын өтеп жүріп 1980 жылдың наурыз айында Бахарак қаласының маңында анықталған қарулы құрылымдармен ұрыста ауыр жараланған. Ұрыс 5 сағат бойы жүріпті. Кеңес әскерлері шығынға ұшыраса да, қойылған тапсырманы орындап, жауды жер жастандырған екен.

Дәл осы жылы жүрегінің тұсына тиген жаудың оғы солтүстікқазақстандық Юрий Балашовтың өмірін қия жаздады. Бұл оқиға Бадахшан өлкесінен алыс емес жерде өткен ұрыста болған. Дәрігерлердің еңбегінің арқасында жас жігіт аман қалды. Отадан соң хирург оқты естелік ретінде жас жауынгерге сыйлапты.

Бүгінде бұл оқ облыстық полиция ведомствосының мұражайында сақтаулы. Қызыл жұлдыз орденінің кавалерлері болып елге оралған Юрий Балашов пен Давыд Шнайдер құқықтық тәртіп органдарында қызмет атқарып, подполковник шендерінде зейнетке шықты.

Бұл күні 14 полицей грамоталармен, медальдармен, төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапатталды. 6 адам кезекті арнайы шендерін алды.

Облыстық полиция ведомствосының бастығы жауынгерлік ұрыстарға қатысушылардың полиция қатарында қызмет атқарып жүріп бірде-бір рет өрескел бұзушылықтар жасамағанын айтып өтті. Олар өз қызметтерін мінсіз атқарып, адал болды. Өңірдің бас полицейі жастарды осы азаматтардан үлгі алуға шақырды.

Салтанатты жиын соңы концертке ұласты. Өйткені департаменттегі Мәдени орталық дайындаған концерт әсерлі болды. Погондағы әртістер соғыс жылдары көрсетілетін бейнебаянды әнмен сүйемелдеп, жауынгерлер көздеріне жас алды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
588

Еще по теме

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ЖАУЫНГЕРЛІК ҰРЫСТАРДЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ - Yvision.kz