ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІ БАСТАЛҒАННАН 3 КӨҢІЛ КӨТЕРУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ИЕЛЕРІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ
Тағы жетеуі балаларының түнгі уақытта кафеде болғаны үшін жауапкершілікке тартылды. «Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың көңіл көтеру орындарында болуына жол беру» ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 132-бабы бойынша 3 кәсіпкерге хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жасөспірімдердің спирттік ішімдіктер ішуіне жол берген 5 ата-анаға айыппұл салынды.
«Жаз айлары – ювеналдық полицейлер үшін ерекше жауапты мезгіл, - дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Әлібек Ғабдуллин. – Жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандарға қатысты да, балалардың тарапынан да құқық бұзушылықтар жасау қатері басым болады. Сол себепті профилактикалық жұмыс жүргізудің өзектілігі туындайды. ЮПБ қызметкерлері кафелерге, ойын клубтарына жиі рейдтік іс-шаралар жасап тұрады, жастардың көп шоғырланатын орындарын назарға алады. Бүгінгі күні облыс орталығында 66 жасөспірім, тұрмысы төмен 77 отбасы ІІО есепте тұр. Олар үй-үйді аралаған кезде ұдайы тексеріледі. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар отбасындағы жайғдайды бақылайды, жауапкершілік туралы ескертеді».
Тәртіп сақшылары демалыс лагерьлерінде балалардың бос уақыттарын өткізуді ұйымдастыруға зор мән береді. Биылғы жазда қала сыртындағы «Берёзка» және «Достық» лагерьлерінде 132 бала демалуда. Барлығы учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың көз алдында болады.
Сауықтыру лагерьлерінің әр ауысымына полицейлер бекітіледі және олардың міндеті - күзетті қамтамасыз ету және профилактикалық әңгімелер жүргізу болып табылады. Негізгі тақырыптары:ЖЖЕ сақтау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, өзен-көлдердегі қауіпсіздік. Айта кету керек, ЖПҚБ қызметкерлері құтқарушылармен бірлесе жағажайларға және шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге рейдтік іс-шараларға шығады. Тәжірибе көрсеткендей, жазда үлкендердің ілесуінсіз, өз беттерінше жүрген балаларды жиі кездестіруге болады.
Жаз кезінде балалардың қауіпсіз демалуына бағытталған жұмыс жаз бойы жалғасады.

СҚО ПД баспасөз қызметі
