Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ 102 ЖАСТАҒЫ ДЖУРА КОБЕЛЕВТІ ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Полицейлер Ұлы Отан соғысының ардагері Джура Кобелевті туған күнімен құттықтады. Облыстық және қалалық полиция ведомстволарының қызметкерлері ақсақалға жылы лебіздерін білдірді.

Джура Кобелев 1917 жылы 2 мамырда Өзбекстанда көп балалы шаруаның отбасында дүниеге келген. Қызыл Әскерге кавалерист ретінде шақырылып, Сталинград маңындағы қанды ұрыстарға қатысыпты. Қатты жарақат алып, Қазақстанда емделген. 1945 жылдан кейін майдангер ішкі істер органдарына қызмет етуге жіберілді. Милицияда Джура Кобелев зейнетке дейін түрлі лауазымдарда еңбек етті. Ардагер әскер қатарында соғысып қана қоймай, милицияда да еңбек еткенін мақтан тұтады.

Жылдағы игі дәстүр бойынша майдангерді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев, қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Серғазы Жұмағұлов бастаған ардагерлер кеңесінің активі құттықтады. Олар Джура Кобелевке мықты денсаулық, балалары мен немерелерінің, шөберелерінің қуаныштарына куә болып жүруін тіледі.

102 жасар ақсақал офицерлердің жылы лебіздеріне өте риза болды және полицейлерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады.

СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевтың айтуынша, Ұлы Отан соғысынан кейін өмірлерін қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыспен қарсы күреске арнаған ардагерлер әрқашан солтүстікқазақстандық жас сақшыларға үлгі болмақ. Полицейлер ардагерлерге әрдайым көңіл бөледі және барлық елеулі мерекелермен құттықтауды ізгі дәстүрге айналдырған.

Қазіргі таңда облыстың ішкі істер органдарында еңбек еткен соғыстың 4 ардагері бар. Олар әрдайым тәртіп сақшыларының назарында.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
576

Еще по теме