Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІ ЖАРНАМАСЫ КӨРСЕТІЛГЕН ЖАЗБАЛАРДЫ ҚАБЫРҒАЛАРҒА ЖАЗҒАН БОЙЖЕТКЕНДІ ЖАУАПҚА ТАРТТЫ

Петропавл қ. Полиция басқармасы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері есірткі сайттарының жарнамасы көрсетілген жазбаларды қабырғаларға жазған адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны шамамен Telegram қосымшасы арқылы есірткі сатылатын «интернет-дүкеннің» мекенжайы көрсетілген 28 жазбаны дуалдарға, үйлердің кіреберістері мен қабырғаларына жазып үлгерген. Оның смартфонында бойжеткеннің өзі жазған жазбалардың жанында түскен суреттері сақталған. Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша материал жинады. Кейін ол сотқа жөнелтіледі. Ал қабырғалардағы жазбалар боялды.

«Есірткі граффитиін бояп жабу есірткімен күрестегі маңызды тәсілдердің бірі», - дейді СҚО ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Осы сияқты жазбалардың көп жерде жазылуы есірткінің салдары қандай болатынын білмейтін жастарды қызықтыруы мүмкін. Сондықтан біз бұл жазбаларды бояу бойынша шаралар қабылдаймыз. Біздің бастамамызбен «WhatsApp» мессенджерінде чат ашылып, оған ПИК төрағалары қосылды. Чат мүшелері есірткінің айналымына қатысы бар күмәнді тұлғалар, пайда болған жазбалар туралы жедел ақпарат алмасады».

Жедел уәкілдердің айтуларынша, жазуларды байқаған әр адам оны өздігінен бояй алады немесе жазудың нақты мекенжайы көрсетілген хабарламаны +7 707 500 96 65 (WhatsApp) нөміріне жолдауына болады. Жыл басынан облыс орталығында полиция қызметкерлерінің күшімен 400-ге тарта есірткі граффитиі боялды.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшыларымен 132 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді. Оның 51-і қылмыс, соның ішінде 32-сі өткізу фактілері. Заңсыз айналымнан 200 килограмға жуық есірткі заттары алынды. Оның ішінде 112 грамға жуық героин, 730 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
398

Еще по теме

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІ ЖАРНАМАСЫ КӨРСЕТІЛГЕН ЖАЗБАЛАРДЫ ҚАБЫРҒАЛАРҒА ЖАЗҒАН БОЙЖЕТКЕНДІ ЖАУАПҚА ТАРТТЫ - Yvision.kz