ПЕТРОПАВЛДЫҚ САҚШЫЛАР ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАП КЕЛГЕН КҮДІКТІНІ ҚҰРЫҚТАДЫ
Жәбірленушілердің бірі ұлымен тұратыны, ал екіншісі жалғыз басты болғандықтан жиі туыстары келіп қарап жүретіні анықталды. Қылмыс жасалған сәтте егде жастағы адамдар үйлерінде жалғыз болған. Оларға бейтаныс әйел келіп, өзін алыс туысқаны деп таныстырған. Сеніміне кірген ол бағалардың қымбаттағаны жайлы әңгіме қозғап, арзан бағаға азық-түлік алып беретіндігін айтқан. 1927 жылы туған Ойқала ауданының тұрғыны сөзшең қонағына өзінің жиған-терген 300 мың теңге ақшасын алаяқтың қолына ұстатқан. Ал «Черемушки» кентінің 1940 жылы туған тұрғынында қолда бар ақшасы болмағанын байқаған жалған туысқаны өзінің шұғыл жұмыстары барын сылтауратып, шығып кеткен. Алыс туысқаныңмын деп таныстырған әйел кеткеннен кейін, үй иесі құны 29 мың теңге тұратын ұялы телефонының жоғалғанын байқайды.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің белгілерін бейнекамералардың көмегімен анықтаған. Күдікті Солтүстік Қазақстан облысы аумағында криминалдық есепке қойылмаған. Алайда, кейін анықталғандай, ол әйелді осындай алаяқтық жасағаны үшін Қостанай облысының тәртіп сақшыларымен іздестіріліп жатқандығы анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осындай қылмыстар жасағаны үшін РФ аумағында бұрын сотты болған Қостанай облысының 55 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған факті ҚР ҚК 188 бен 190 «Алаяқтық» пен «Ұрлық» баптары бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған заттардың бөлігі қайтарылды.
«Күдіктінің айтуынша, зейнеткерлер туралы ақпаратты көршілерінен алып отырған, - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны Алмаз Жәкенов. - Өзіңің алыс туысқанын іздеп жүрмін деген желеумен кім қайда, кіммен тұратыны жайлы мәлімет жинаған. Кейін жинаған ақпараты әккі әрекетін жүзеге асыруда көмегін тигізген».
Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жүргізілуде.

СҚО ПД баспасөз қызметі
