ПЕТРОПАВЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫНЫҢ ӨРШІП ТҰРҒАН КЕЗІ ЖАЙЛЫ ЕСКЕРТЕДІ
Жаз мезгілі - велосипедтерді, самокаттарды және гироскутерлерді ұрлауға әуес жандардың қылмыстық әрекеттерінің өршитін кез.
Сәуір мен қазан аралығында велосипедті жоғалтып алуыңыз әбден мүмкін, себебі бұл велосипед ұрлығы үшін қолайлы мезгіл. Велосипедтер көбінесе үй подъездері мен дүкендердің маңынан қолды болады. Велосипед ұрлықшылардың олжасына айналмауына иелері де жауапты, көбінесе велосипедтер айдап әкетуге қарсы сенімді құрылғылармен жабдықталмайды, бейне бақылау камералары жоқ жерде қалдырылады. Қылмыстың алдын алу үшін криминалдық полиция қызметкерлері аулаларды және үйлерді аралап, адамдарға жадынамалар мен плакаттар таратты.
Велосипед сұранысқа ие, қалада олардың саны жыл сайын артуда. Полицейлер ұрлықты алдын алудың аса тиімді шаралары туралы ескертеді. Айдап әкетуге қарсы ең жақсы құрылғылардың бірі құлып. U-тәріздес темір құлыпты пайдаланған абзал. Сондай-ақ, сақ қаскөйлер подъездерді, сауда үйлері немесе банкті бақылайтын бейнекамералардың көру аймағында тұрған велосипедтерді ұрлауға тайсалады. Бұдан басқа, велосипедтің иелері сериялық нөмір білгені жөн. Нөмір рамадағы педалдар орналасқан бөлігінің астына салынады.
Петропавл қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің ақпараты бойынша, жыл басынан облыс орталығында 79 велосипед ұрлығы тіркелген. «Ұрлыққа жол бермеу үшін қала тұрғындары мен қонақтарынан велосипедтерді болат арқандармен құлыптауын сұраймыз. Дұрысы, шынжыр немесе U-тәріздес болат құлыпты пайдаланған жөн. Ұсталған, құжаты жоқ велосипедтерді сатып алмауларыңызды естеріңізге саламыз. Құжатсыз сатып алған жағдайда ұрланған велосипедтердің иесі атануыңыз әбден мүмін және ұрланған велосипед тәркілеуге жататынын есте сақтаңыз», - деп тоқтала кетті Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Асан Қайдаров.
Тәртіп сақшылары ұрлық орын алған жағдайда бірден «102» нөміріне хабарласу қажеттілігі туралы ескертеді. Уақтылы жүгінген жағдайда, қаскөйді ізін суытпай құрықтау мүмкіндігі арта түседі.






СҚО ПД баспасөз қызметі
