ПЕТРОПАВЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР БІРНЕШЕ ҰРЛЫҚҚА КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ
Көкшетау қаласының 25 жасар тұрғыны бірнеше ұрлыққа, көбінесе электр аспаптарды және құрылыс алаңдарынан құрылыс материалдарын ұрлауға қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Ол сот отырысын күтпей, ешқайда кетпеу туралы қолхатты елемей ізін суытқан, өткен жылдың желтоқсан айында іздеуге жарияланған болатын.
«Іздеуде жүрген Петропавл қаласына кетті деген ой бірден пайда болғанмен, біздің қызметкерлер күдіктінің ізіне түсу үшін екі ай еңбектенді. Күдікті жұмысқа тұрмай, құжатты талап ететін кез-келген жағдайлардан қашқақтаған. Дей тұрғанмен, ақпаратты тексеру арқылы оның жүрген жерін анықтау мүмкін болды. Қазіргі уақытта ұсталған уақытша ұстау изоляторына жеткізілді», - деп атап өтті Петропавл қ. ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Руслан Сыздықов.
Жалпы қаңтар айында полицейлермен СҚО-да – 6, оның ішінде 3-уі «өткен жылдардағы» санатындағы қылмыскер іздестірілді. Қазіргі уақытта алтауы да ұсталды.
Бұдан басқа, жыл басынан 6 із-түзсіз жоғалған іздеуде болды, оның 5-нің жүрген жері анықталды.

СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
