ПЕТРОПАВЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР БИЛІК ӨКІЛІНЕ ҚАТЫСТЫ КҮШ ҚОЛДАНУ ФАКТІСІН ТЕРГЕУДЕ
Жолда «Мерседес» автомашинасы жүргізушісінің тәртіпсіздігі патрульдеу барысында полицейлердің назарын аудартты. Көлік құралының жүргізушісі тоқтау туралы билік өкілдерінің заңды талабын елемеді. Шамалы қуғаннан кейін құқық бұзушы тоқтатылды, алайда көлік салонынан шығудан бас тартты және алдында тұрған полиция қызметкерінің автомашинасын соқты. Оны ұстау үшін тәртіп сақшыларының күш қолдануларына тура келді.
1978 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны, жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Оған қатысты жасаған бұзушылықтары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін ол Петропавл қ. ПБ 1-ші полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына тапсырылды.
«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» 380-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деп хабарлады Петропавл қ. ПБ 1-ші ПБ бастығы полиция полковнигі Балабек Жахин.
Биылғы жылы СҚО-да Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне полиция қызметкерлеріне бағынбаудың осымен екінші фактісі енгізіліп отыр.

СҚО ПД баспасөз қызметі
