Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПЕТРОПАВЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АККУМУЛЯТОРЛАР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КҮДІКТІЛЕРДІ АНЫҚТАДЫ

Полицияға ауыр жүк автомобильдерінен бірнеше аккумулятор ұрланғаны жөнінде арыздар келіп түсті. Барлық қылмыстар Петропавл қаласының өндірістік аймақтарында орналасқан кәсіпорындар аумақтарында жасалған. 5 оқиға тіркеліп, шығын сомасы жарты миллионнан асқан.

Қалалық полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлерімен аталған қылмыстарды ашу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Жедел ақпаратпен жұмыс істеу барысында үш күдікті анықталды. Олар мүліктік қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған 1990, 1993 және 1999 жылдары туған Петропавл қаласының тұрғындары болып шықты. Ұрланған заттардың бір бөлігі алынып, иелеріне қайтарылды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлімінің үш тармағы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

«Ұрлық жасауға кәсіпорынды күзетуді ұйымдастыру кезіндегі кемшіліктердің болуы септігін тигізді, - деп атап кетті Бірінші ПБ бастығы полиция полковнигі Балабек Жахин. – Жүк көліктерінің тұрағы бейнебақылау камераларымен жарақталмаған, жалғыз күзетшінің күзету аумағы ауқымды болған. Кәсіпорын басшыларының осы сияқты жағдайларды ескерулері тиіс».

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
422

Еще по теме

ПЕТРОПАВЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АККУМУЛЯТОРЛАР ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КҮДІКТІЛЕРДІ АНЫҚТАДЫ - Yvision.kz