Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПЕТРОПАВЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР 4 МЫҢНАН АСТАМ МАС АДАМДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ

Қоғамдық орындарда жүретін мас адамдар әдетте айналасындағылардың мазасын алып жатады.

Полицияның кешенді күштерінің гарнизондық таратылуында тәртіп сақшыларына алкогольдік өнімдерді сататын дүкендердің маңын, саябақтарды, жылу құбырларын, аулаларды және ащы суды ішуге құмар азаматтардың жиналатын басқа да орындарын тексеру сияқты міндеттер қойылады. Кей кездері азаматтардан да шақыртулар түсіп жатады.

Тамыз айының басында полицияға 3-ші қалалық ауруханаға келушілерден қоңырау келіп түсті. Аурухана ауласында Петропавл қаласының 1959 жылы туған тұрғыны ішімдікке тойып алып, айналасындағылардың мазасын алған жүрген. Келіп жеткен автопатруль ереже бұзушыны куәландыруға жеткізді. Кейін әкімшілік хаттама толтырылды.

«Алкогольдің күші бойына әбден сіңген азаматтар кейін құқық бұзушылыққа жол береді. Ол отбасында жанжал шығаруы не болмаса бұзақылық, ұрлық, тіпті ауыр қылмыс жасауы мүмкін», - дейді Петропавл қ. Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов. – Сондықтан қоғамдық орындарда мас күйде жүру фактілерін анықтау және жолын кесу полицияның негізгі міндеттерінің бірі».

Жыл басынан петропавлдық полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша 4242 хаттама толтырды. Оның ішінде 1218 адам жаза тағайындалған уақыттан соң бір жыл ішінде қайтадан жауапкершілікке тартылды. 27 адам әкімшілік қамауға алынды. Мұндай шара бір жыл ішінде үш мәрте заң бұзғандарға қолданылады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
500

Еще по теме

ПЕТРОПАВЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР 4 МЫҢНАН АСТАМ МАС АДАМДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ - Yvision.kz