Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПЕТРОПАВЛДА ЕКІ ТҮН ІШІНДЕ ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ІЛЕСУІНСІЗ ЖҮРГЕН 15 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҰСТАЛДЫ

Екі түн ішінде түнгі уақытта ересектердің ілесуінсіз қала кезіп жүрген 15 кәмелетке толмаған ұсталды.

Сағат 23:40-та Абай мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында полицейлер екі жұп жасөспірімді байқаған. Нысанды киім киген адамдарды көрген кезде қашуға тырысқанмен, бұл әрекеттерінен түк шықпаған. Мән-жайды анықтау барысында ұсталған кәмелетке толмаған екі қыз колледждің оқушылары, ал екі ер бала мектеп оқушылары екендігі белгілі болды. Олардың барлығы да масаң күйде болған. Ұсталған жерге олардың ата-аналары шақырылды. Ата-аналарына қатысты кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз және масаң күйде қоғамдық орындарда болғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Көшелер мен аулаларды патрульдеуден бөлек, полицейлер көңіл көтеретін орындарды, олардың маңындағы іргелес аумақтарды тексерді. Екі түн ішінде 20 астам дүкен, дәмхана, диско-бар және басқа да көңіл көтеретін орындар тексерілді. 19-шы ықшам ауданның бірінде қорқор тарту фактісі анықталды. Қорқор тартуға арналған құралдар алынып, жеке қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салуды бұзғаны үшін әкімшіге хаттама толтырылды. Жалпы түнгі уақыттағы «тексерістерге» 200 жуық полицей тартылды. Рейдке қалалық мәслихаттың депутаттары Кеңес Мұқышев, Данияр Уәлиев және білім беру бөлімінің өкілдері белсенді қатысты. Жұртшылық пен ұстаздардың айтуынша, жұмыстың осындай форматы барлық проблемалық мәселелерді жете түсініп, оны шешуге мүмкіндік береді.

Петропавл қаласының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Асан Смағұловтың айтуынша, учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел уәкілдер жеке жоспар бойынша жұмыс істеді. Рейд қорытындысы бойынша 80-ге жуық түрлі құқық бұзушылық анықталды. Масаң күйде көлік рөліне отырған 4 жүргізуші ұсталды. Полицейлер осындай рейдтердің алдағы уақытта жалғасатындығын айта кетті.

СҚО ІІД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

-1
0
512

Еще по теме

ПЕТРОПАВЛДА ЕКІ ТҮН ІШІНДЕ ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ІЛЕСУІНСІЗ ЖҮРГЕН 15 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҰСТАЛДЫ - Yvision.kz