ПЕТРОПАВЛДА 6 АЙ ІШІНДЕ 300-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫ ҰСАҚ БҰЗАҚЫЛЫҚ ҮШІН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Петропавл қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті бұзушы ұсталды. Ол 39 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Суға шомылған сәтте ол мас күйінде болғанын айтып түсіндірді. Құқық бұзушы Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалып, аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ұсақ бұзақылық» 434-бабы бойынша әкімшілік материал жиналып, Петропавл қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Бұзақылықтан басқа, ер адам қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бір мезгілде әлеуметтік желілердің парақшаларында қаламыздың орталық көшесінде орнатылған субұрқаққа дәрет сындырып жатқан жас жігіттің фотосуреті де тараған. «Ұсақ бұзақылық» фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері құқық бұзушынының жеке тұлғасын анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылдауда. Дәл осындай жұмыс жақында Украин көшесі бойындағы шыны аялдама павильонын сындырып кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты жүргізілуде.
Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұржан Қожағұловтың айтуы бойынша, жыл басынан ұсақ бұзақылық үшін 313 құқық бұзушы жауапқа тартылған. Сонымен қатар, облыс орталығының көшелерін патрульдеуге шығатын полицияның кешенді күштері күнделікті ұсақ бұзақылық фактілерін алдын алуға және анықтауға, сондай-ақ кішігірім құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» нығайтуға бағдарланады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ұсақ бұзақылық» 434-бабының санкциясы бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –15 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
Полицейлердің айтуынша, бұзақылық үшін құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шығын сомасы 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын шағын архитектуралық нысандарды, аялдама павильондарын және басқаларды қасақана бүлдіргені үшін жүргізіледі.

СҚО ІІД баспасөз қызметі
