Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПЕТРОПАВЛ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕКІ КІТАБЫН ҰСЫНДЫ

Динараның шығармашылықпен айналысқанына 12 жыл. Қалың оқырман жайлы армандаған жоқпын, тек «өзім үшін» ғана жаздым. Өткен жылы туыстарымның айтуымен екі шығарманың шектеулі тиражын басып шығардым («Боль» драмасы мен «Страна Черепашия» ертегісі Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхаасында оқырманның назарына ұсынылды) және РФ баспа алаңдарын іздеуге кірістім.

ПБ қызметкерлерінің көбі үшін орталарында жүрген әріптесінің таланты жаңалық болды: Динараның қарапайымдылығы сол, ол өз шығармашылығы жайлы әріптестеріне де тіс жармаған. Кітаптарды таныстыру басқарма бастығы Жандос Мұқатовтың идеясы.

«Әдеби дарынның шығуы – Басқарма өміріндегі жарқын оқиға, - деді ол жеке құрамның назарын аудара отырып. – Кітап – рухани құндылық көзі, біздің ғасыр ұялы телефон, қысқа жаңалықтар мен тез тарайтын қауесеттердің заманы. Ал кітап баға жетпес құнды байлығымыз. Бүгін сіздерді жинау себебім, біз үшін және біздің балаларымызды тәрбиелеуде кітаптың қаншылықты маңызы зор екендігін еске түсіру. Егер біздің қызметкер полицияның қауырт жұмысында қоршаған әлемге көз жүгіртіп, өз ойын қағазға түсіруге уақыт тауып жатса, яғни біз де уақыт бөліп бір сәт отандық немесе шетелдік классиктердің шығармаларын, қызықты жаңа шыққан кітаптарды оқығанымыз жөн».

Динара Мұқышева әріптестеріне өз кітаптары жайлы әңгімеледі. «Боль-2» - өмірден өз орнын іздеген жас жігіт туралы алғашқы шығарманың жалғасы. «Не вернуться в прошлое» - қарапайым адамдардың отбасындағы қиын жағдайлар жайлы әңгіме. Динара проза жанрынан алшақтамайды (оның алғашқы, әзірге жарияланбаған романы «Ребёнок из прошлого» - детектив), бізді қоршаған орта оның шығармашылығына шабыт береді.

Әріптестері Динараны кітаптың жарыққа шығуымен шығуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Келесі қадам қарасы қалың оқырманға кітаптарды таныстыру.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
267

Еще по теме

ПЕТРОПАВЛ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕКІ КІТАБЫН ҰСЫНДЫ - Yvision.kz