Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ПЕТРОПАВЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ШАМАМЕН 40 МЛН. ТЕҢГЕ СОМАСЫНА АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН ӘЙЕЛДІ ҰСТАДЫ

Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан орталығы Бескөл ауылында тұратын 1981 жылы туған күдікті әйелді ұстады. …Адамдармен таныса келе, ол ақша айналымы жылдам жүретін бизнеспен айналасатынын айтып, белгілі сома салуды ұсынатын, көбінесе бастапқы сома ретінде 100 мың теңгені сұрайтын. Уақыт өте келе алған ақшасын 120 мың теңге қылып қайтарып отырды. «Айналым» өсіп, адамның сеніміне кірген соң, оған «бірегей ұсыныс» жасайтын, бұл мақсатта миллиондаған ақша салу қажет болды. Уақыт өткеннен кейін ақшаның бөлігі пайыз ретінде қайтарылатын. Күдіктінің айтуынша, қалған ақша «айналымда жүріп», қосымша салым жасауға мүмкіндік берді. Жәбірленушілер сенді....

«Адамдар несие алып, жұбайларын, туыстарын да осындай әрекет жасауға көндірмекші болған, - деп түсіндірді Петропавл қ. ПБ тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Марат Жанғожинов. – Бір жағдайда күдіктінің қолына 27 млн. теңге қаражат түскен. Бұндай әрекетпен ол 2018 жылдан бері айналысып келеді – жәбірленушілер полицияға жүгінбестен бұрын уәде етілген соманы айлап күткен».

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-б. «Алаяқтық» бойынша енгізілді. Қазіргі уақытта күдіктінің бірнеше эпизодқа қатысы анықталды. Оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Полицейлер жәбірленушілерді анықтауда. Келтірілген шығын сомасы қазіргі уақытта шамамен 40 млн. теңгені құрайды.

0
0
268

Еще по теме