Ой Китайский
Қытай бара-бара жаулап алад. Ой Китайский дейтін еліміздің тұрғындары жетерлік. Алайда, біздің Қазақстанның өзі Қытайдың киімдерін алып, Қытайдың инвестициясының арқасында дамып отырғанын ұмытпау керек. Қытайдың арқасында кәсіпкерлердің басым көпшілігі өз саудасын жасап, елдің экономикасын арттырып, салық төлеп жатыр. Қытай саудасымен әлемді жаулағанын бәріңізде мойындайсыздар. Тіпті, әлдеқандай қылып ұстап жүрген Iphone-ның 4-тен бастап - 11 pro ға дейінгі барлық моделі Қытайдың Foxconn компаниясынан құрастырылып, АҚШ-тың орталық кеңсесіне жеткізілетінін бірі білсе, бірі білмейді. ZARA да басқасы да сол Қытайдың зауыттарынан шығып, Италияның кеңсесіне жеткізіледі. ⠀ Барлығы Қытайды жамандап, бәле тілеп отырушы еді. Анда барсаң да Қытай, мында келсең де Қытай деп. Ал, енді міне. Ешкімнің ойына келмеген індет. Әлемді шарлап кетті. Қазіргі таңда вакцина ойластыруда және де 10 күнде аурухана салуды қолға алып, бір мезетте 1000 адамды емдей алатындай дәрежеге жету үшін, 23 қаңтар күні аурухананың құрылысын бастап кетті. Енді барлығымыздың ойымыз бір жерден шығып, дұға тілек тілеп отыру ғана қолымыздан келеді. Кісіге тек жақсылық ойлай білейік. Қытай болса да олар да адам.
