Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ОСЫЛАЙША ҚЫЛМЫСТАР АШЫЛАДЫ»

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләловтің атына белгісіз тұлға ұрлап алған ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне Александр Дёров алғыс білдіріп хат жолдаған.Учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Жақсылық Байбосынов пен полиция лейтенанты Әділ Шәймергенов бұл ұрлықты санаулы сағаттардың ішінде ашқан. Алғыс білдіруші Александр Ивановичтің өзі де бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткен, отставкадағы полиция полковнигі. Учаскелік полиция инспекторынан Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасарына дейін қызмет атқарған ол ашылған қылмыстың артында қандай еңбек жатқандығын жақсы біледі.

«Кәсіби, жедел әрекеттері мен өз учаскесіндегі ақпаратты нақты білуінің арқасында полиция капитаны Ж.Ж. Байбосынов бұл ұрлықты бірнеше сағаттың ішінде ашты», - деп жазады ІІМ-нің зейнеткері, ол өз сөзінде учаскелік полиция инспекторларының жұмысындағы басты маңыздылықты алға тарта отырып, сеніп тапсырылған аумақтағы жедел жағдайды білуіне тоқтала кеткен.

Бұл қылмысты ашуға орнатылған жеке камерадағы бейнежазба өз септігін тигізді. Жақсылық Байбосынов Кадрда бет әлпеті, дене бітімі мен жүрісі әрең көрінген, ұрлыққа қатысы бар әйел адамды, қала тұрғынын бірден таныған. Ол «Бұрын сотқа тартылмаған, бейәдеп өмір сүру салтын ұстанады, мен оны жақсы танимын…» Жедел-тергеу іс-шаралары оның ойының дұрыстығын растады.

«Осылай қылмыстың беті ашылады, - дейді тәжірибесі мол ардагер Александр Дёров. – Өз ауданының барлық тұрғындарын жақсы танитын учаскелік инспектордың жұмысы сәтті болады. Ең бастысы, сауатты басқара білу. Мен, бұрынғы полиция қызметкері, бір көрген сәттен Жақсылықтың тергеу жүргізіп қана қоймай, өз ісімен жас қызметкер Әділге білгенін үйретуден аянбайтындығын байқадым. Оның жақсы тәлімгерлер тәрбиесінен өткенін бірден көруге болады...»

Сондай-ақ, Александр Дёров Петропавл қ. ІІБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлан Арынғазинов пен аға тергеуші Руслан Төлебаевқа алғыс білдірді. «Бұл жандар – азаматтардың игілігі үшін қызмет ете білетін нағыз офицерлер, кәсіби қызметкерлер», - деп жазады полиция ардагері. – Берік Сұлтанғазыұлы, сіздің құқығыңызбен осы қызметкерлерді марапаттау туралы өтініш білдіремін».

Мақтау үшін ешқандай негізді көріп тұрғанымыз жоқ, өйткені бұл біздің күнделікті атқаратын жұмысымыз. Ризашылық тілектер жұмысқа деген жаңа ынта, алдағы уақытта қарқынды еңбек етуге түрткі болады, - дейді учаскелік инспекторлар. Облыс полицейлері жыл басынан барлығы 289 ұрланған телефондарды иелеріне қайтарды.

-1
0
605

Еще по теме

«ОСЫЛАЙША ҚЫЛМЫСТАР АШЫЛАДЫ» - Yvision.kz