25 қыркүйек күні Астанада ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың төрағалығымен «Протон-М» зымыран тасығышы құлауының салдарынан туындаған келеңсіз экологиялық зардаптарды жоюға бағытталған іс-шаралардың өткізілуін бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясының (тобының) отырысы болып өтті.