Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Ордабасы

Орынбор, Ташкент, Үрімші, Омбы арасын,

Түгел жиған бауырына, Ордабасым,

Басын қостың үш жүздің сын шақтарда,

Елді жаудан қалам деп қорғап асыл.

Белес-белес адырлы жатқан белің,

Қойның қатпар сыр тұнған ақпар дедім.

Нешеме атты өзіңнен жауға ұмтылды,

Апай төсті арқырай ақтангерің.

Бас қаруы - татулық не десек те ел,

Күдер үзгін бірліксіз келешектен!

Алақандар жұмыла жұдырық боп,

Осында ұлы үш жүздің кеңесі өткен.

Көздің жасын тарам да тарам қылып,

Не нəубетті көрмеді ғалам тұнық.

Қойдан момын біздер-ау осы əлемде,

Тисе егер де қасқырдай салар қырып.

Көз жасына шомыла шешелердің,

Қайғысына қанықсың кешегі елдің!

Зары жатыр көгіңде ғасырлардың,

Қаны жатыр бойыңда нешеме ердің.

Кіші жүзім найзасын батыра кеп,

Орта жүзім қандарын сапыра кеп...

"Бірлік барда - тірлік бар" деген ел ғой,

Ұлы жүзім жатты сан батыр əкеп.

Кескілессе қорғауда иен даласын,

Аруақтар қалайша қолдамасын.

Ең шешуші шайқасқа бастау болып,

Жеңді қазақ, куə өзің, Ордабасым!

Орынбор, Ташкент, Үрімші, Омбы арасын,

Түгел жиған бауырына, Ордабасым,

Басын қосып, үш жүздің шақта қиын,

Елді жаудан қалыппыз қорғап асыл.

Дәурен АЙМАНБЕТОВ

0
0
272

Еще по теме

Ордабасы - Yvision.kz