Қорғалжын қорығына тур, 09.06.2024

Астанадан 130 шақырым қашықтықтағы Қорғалжын қорығына барып, оның бірегей фаунасы мен флорасын көргіңіз келсе, онда менің авторлық турыма қосылыңыз.
Қысқаша айтқанда, 2024 жылғы 9 маусым күні Қорғалжынға бір күндік тур ұйымдастырамыз.
1968 жылы негізі қаланған Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО Әлемдік Табиғи Мұра тізіміне енгізілген. Қорғалжын - Қазақстандағы жарты миллионнан астам гектарды алып жатқан қорық аймағы. Мұнда үш жүз елуден астам жабайы жануарлар мен құстар өмір сүреді.
Қорық аумағынан талай жабайы аң-құстарды кездестіретінімізге сенімдімін. Қысқаша айтқанда, көп естігеннен бір көрген артық!
Тур бағдарламасы:
* 8:00 "Каскад" БО жанында жиналу
* 8:30 Экскурсияға шығу
* 10:30 Сапар орталығына бару
* 12:00 Қорық аумағы бойынша көлікте экскурсия жасау
* 13:00 Табиғат аясында өзіңізбен бірге түскі ас
* 17:00 Қалаға оралу
* 20:00 "Каскад" БО қайтып келу.
Тур туралы ақпарат:
Турдың ұзақтығы: 8:00 - 20:00 сағат аралығы
Топ мөлшері: 6 турист + 1 жүргізуші + 1 гид + 1 көмекші + 1 жергілікті гид (қорық қызметкері)
Маршруттың ұзақтығы: 340-380 км
Өзіңізбен бірге ыңғайлы киім мен аяқ киім, бас киім, күннен қорғанатын көзілдірік, жеңіл күртеше және күн сәулесі мен жәндіктерден қорғанатын крем алу керек.
Тур бағасы: келісім бойынша.
Тур бағасына мыналар кіреді:
* көлік – ыңғайлы машина;
* гид қызметі;
* дүрбі+ұзақтан қарайтын дүрбі;
* қорықтың сапар орталығына экскурсия;
* жеңіл түскі ас;
* қорық аумағына кіру.
Бағдарламада аздаған өзгерістер болуы мүмкін.
Тел/ватцапп: +77016273081
