Перейти к содержимому

Он ғасыр бұрынғы қазақ интелегенциясына ықпалы күшті болған "Қабуснама" қандай туынды?!

«Қабуснама» - қандай туынды?!

Он ғасыр бұрын Орталық Азия аумағында жазылған “Қабуснама” кітабынан қазіргі

өмірге жарайтын он бес кеңес ұсынамыз. Алдымен, шығарманың құндылығына зер салып

көрелік.

Қандай туынды?!

Осыдан ондаған ғасыр бұрын, орталығы – Бұхара саналатын Саманилер билігі кезінде,

«Кейкаус» есімді данышпан өз ұлына арнап даналық сөздерін жазып қалдырған. Феодалды

қоғамдық таптың үстемдігі барысында, синтезді өркениеттік шығармалар адамзат үшін

қозғаушы күш болды. Солардың бірі – Кейкаустың «Қабуснама» кітабы.

Кітап – құранды жадынамалап тəпсірлеу арқылы басталады да, сырластық мəндегі

əңгімелердің эстетикалық талғамды ақылдары жеңіл сюжетке жалғасып отырады.

Ғажайып суреттемелермен көмкерілген шығыстық жəдігер – «адамдық» дəреже туралы

ойлантады жəне шеберлікке ұштайтын тұстары мол. Қырық төрт тараудан, елу алты

əңгімеден тұратын шығарманың қамтитын тақырыптары да əр түрлі.Риторикалық

өнер арқылы орта ғасырдағы шығыстық жəне жалпыадамзаттық өнеге нормалары

нəзік үйлестірілген. Мағыналық аспектісіне орай тереңдігі үшін эрудициялық деп

қарастырылатын туынды.

Бұл шығарма – араб, парсы, шағатай (ескі өзбек тілі), татар тілінде ұрпаққа жеткен.

Өзбек тіліне аударған Сүтібай Далимов. Ал өзбек тілінен аударып, қазақ оқырмандарына

жеткізген Тұрсынəлі Айнабеков.

Парсы прозасының көркем бастауы деп саналады əрі шығыстанушы Т.Гольц

«Қабуснаманы» «белгілі бір уақыттың өмірлік энциклопедиясы» деп жоғары бағалаған.

Логикалық жүйелі ойлау антикалық ойшылдарға да тəн болса, бұл шығарманың баурап

алар тағы бір ерекшелігі – құрылымы жағынан халық педагогикасына негізделген.

Сондықтан, мың жасқа қара қадам басса да, күні кеше жазылғандай əсерлі.

Аспекті – белгілі бір ұғым, құбылыс.

Эрудиция – білімнің əр түрлі салаларынан кеңінен хабардар болу.

Əр тараудың өн бойына өзгеше реңк үстемелеп тұрған эмоцияналды – экспрессивті

бояулар: атап айтсақ, «перзентім», «ұлым менің», «білгін», «қымбаттым менің» сияқты

мейірімге бөлейтін жұмсақ үндеулер бар. «Құдайдың сыйы» деп жазу машақатын

қадірлеген ділмəр «сөзге сараңдық жасамаған». Əсіресе, шапағатшыл, жылы сөздерге...

Прогрессивті идеялар заманында шығарма ойшылдар тарапынан қолдауға ие болып,

дамыды жəне жас ұрпақты тəрбиелеуде үлкен рөл атқарды. Тарихилығы бойынша

Қазақстан аумағына жақын орналасқандықтан, қазақ интелегенциясына да ықпалы

күшті болған. Əрине, мұндай дүниенің дегдарлығы деп ұсынылатын шығармадан олардың

шет қалуы мүмкін емес. Солғын гипотеза ма?! Бұл турасында Абай қарасөздерін

«Қабуснамамен» салыстырып көру жеткілікті. Ы.Алтынсариннің хрестоматиялық

түзілісі ше?! Мағжанның дидактикалық туындысы да ұштасып жатады.

Мақаланың толық нұсқасын көрсетілген сілтемеге өту арқылы оқи аласыз.

https://masa.media/"/site/aza-intelegentsiyasyna-ypaly-kshti-bolan-abusnama-anday-tuyndy




0
0
729

Еще по теме

Он ғасыр бұрынғы қазақ интелегенциясына ықпалы күшті болған "Қабуснама" қандай туынды?! - Yvision.kz