Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Ninety One — жастардың таңдауы

Қыркүйектің жұлдызында бірінші
Ninety One boys band болып құрылды
Бес жігіттен құралған бұл жас топты
Беделханның Ерболаты құрыпты

Жас жігіттер шашын бояп алғанын
Қалың қазақ қабылдаудан бас тартты
Сөздерінде мағына жоқ деп біреуі
"Патриоттар" қазаққа жат деп шулады

Алайда Ерболаттың бестігі
Мұндайға дайындығын көрсетті
Желге қарсы төтеп берген қайындай
Сан сындарға бола білді төзімді

Өнерлерін қолдап əлем жастары
EagleZ саны күннен күнге артады
Өнер сүйер қырандардың қатары
Мен сияқты fan boy-менен толықты

Бірде досым бір сілтеме жіберді
Ашып қалсам, шашы сары қазақ жігіті
"Құдай-ау, бұл не сұмдық?" деген ой
Санамнан біраз уақыт кетпеді

Ұят қой мына жүрген түрлері
"Қазаққа тəн емес қой" стильдері
деген менің сөздерімді оқыған
Елдос досым "Күшті ғой" деп, бір күлді

Сөйтіп уақыт жылжи, ай өтті
Жаңа жыл мейрамы да кеп жетті
YouTube қарап отырған бір күнімде
Ninety One - Happy New Year ілікті

Бұл өлеңнің ырғағы,
Жүрегімді жаулады.
Eaglez-дардың қатары
Бір адамға жаңарды
Ninety One-ға қызығу
Осы сәттен басталды.

Сапа, ырғақ, сазды əуен
Мағыналы қара өлең
Міне осы жетпеп ед(і)
Тойский əнге, бітпеген

BALA, ALEM, A.Z. ZaQ
ACE-та маған тұр қарап
Өнерлері барады
Қазақстанды шын жаулап

2015 жылдың қыркүйек айының бірінші жұлдызында Қазақ эстрадасына жаңа толқын, жаңа серпін сыйлаған Ninety One (қаз. Тоқсан бір) тобы құрылды. Жоғарыда осы топ жайлы жазған жеке туындымда айтқандай, бұл топ жайлы мен ең алғаш жан досым Елдостан білдім. Өз басым ұлтшыл, қазақты өзге ұлттардан жоғары қоятын адаммын. Сондықтан алғашқыда бұл топ мен үшін қазаққа жат, корейлердің көшірмесі болып көрінді. Алайда әндері ұнағандықтан "Айыптама" әні Вконтакте желісіндегі аудиожазбаларымның қатарына қосылды.

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында YouTube арнасында Ninety One тобының Жаңа жылдық құттықтауы атты видеоға тап болдым.

Өлең шынымен жүрегімнен орын тапты. Сапалы түсірілім, ырғақты, әрі сазды әуен. Міне дәл осыны қазақтың ешбір бейнебаяндарынан таба алмайтынсың. Барлығы бір-бірімен келісіп алғандай не қораның алдында, не өзге елдің туының алдында билеп соны халыққа бейнебаян деп ауыз толтырып көрсететін. Бұндай сапалы бейнебаянды көргенімде қуанышымда шек болмады. «Айыптама» әніне түсірілген бейнебаянның да сапасы өте жоғары деңгейде екендігін айтпай кету күнә болады.

Шаршатты тойдың типтес əндері
Құдайын* басқа ұлттын қорлады
Чип чип деп тауық шақырған
Қалайша оны жастар тыңдайды

Болмаған қазақта той-поп ешқашан
Дыкс-дыкстан ешбір көз ашпаған
Əуезді, сазды нағыз қазақ өнері
Ұлы сезім махаббатты жырлаған
Ешбір дыкс-дыкс жəне болмаған

Хейтерлер айтарым сондықтан
Той-поп та шықпаған қазақтан
Тыңдасаң нағыз қазақ өнерін
Бұны сен жақсы білерсің

Нағыз қазақ əнін жырлайтын
Сахынаға домбырасыз шықпайтын
Тəлімгер, əнші Нұрлан Албанның
Тыңдайсың ба дәстүрлі сен əндерін

Əрине "жоқ", білем, сенің жауабың
Налабутенах, патимекер тыңдайсың
Сосын келіп патриот боп инстада
Ninety One-ды балағаттап жатасың

Желсіз түнде жарық ай
Балқадиша мен дударай
Міне нағыз қазақ əндері
Жоғалып мəңгілікке барады-ай

*Мария Магдалина - Иса пайғамбардың серігі.

Иә ер адамға шаш бояу, сырға тағу мүлдем жат қылық, әсіресе мұсылман қазақ бауырларымыздың бұлай жүруі – ұят. Алайда бұл сахыналық образ екендігін де ұмытпағайсыздар! Олардың шаш бояуы – оларға оның ұнайтындығының кепілі емес, ол продюсердің талабы. «Шашты боямай-ақ, BALA сияқты сахынаға шыға берсе ғой», - деп ойлаймын өз басым; олай ойлайтындар саны жеткілікті сияқты.

Негізі бұл жазбаны жазуымның басты себебі – «Бұл топтың өлеңдерінде мағына жоқ, қазақта ешқашан болмаған стиль» деп бас ұрып жүрген қандас бауырларыма жауап жазу. Иә, сіздермен келісемін, бұл стиль қазақ даласында ешқашан болмаған, алайда қазіргі таңда айтылып жүрген әндердің де қазақ даласына енгеніне көп бола қойған жоқ. Мәселен қазақ музыкасының тарихында Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова сынды опера майталмандарына дейін ешбір қазақ бұл жанрында өнер көрсетпеген. Досмұқасан ансамбілі құрылмайынша поп мәдениеті қазақ даласына аяқ баспаған деп айтуға болады. Сондықтан жаңа жанрлардың, жаңа субмәдениеттердің, заманауи бағыттардың елімізге енуі – б жаңалық емес, керісінше заңдылық. Тіпті қазір Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі өнер көрсетіп жүрген той-поп жанры да қазақ даласында мүлдем болмаған. Нағыз қазақтың дәстүрлі әндерін шырқайтын Жігіттер тобы, Нұрлан Албан, Жанар Айжанова, Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева және т.б. деп есептеймін.

Қазіргі кезде төсекте жатып алып, Instagram желісінде Ninety One – өлеңдері қазаққа жат деп, пікір жазатын жастар дәстүрлі қазақ әндерін тыңдай ма?

Әрине, жоқ. Олар «қазаққа жат емес, қазақ музыкасының тарихына кең тамыр жайған» Jah Khalib, Скриптонит, Налабутенах, Патимейкер тыңдайды.

Ninety One қазіргі таңда қазақ тілін барлық дерлік әлемге танытып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде ән салдырып, рахмет айтқызып отыр десем артық кетпеймін. Француз тілін әдемі деп есептеп келген шетелдіктер «қазақ тілі мүлдем әдемі, әрі тәтті тіл екен ғой» деп бас ұруда. Бұлай қазақ тілін әлемге танытқанша танытпай-ақ қойсын дейді біреулер. Сонда қалай танытамыз? Қазақтың халық әндері бүкіл әлемге таңылса нұр үстіне нұр болар еді, алайда қай ел өзінің халық әндерін бүкіл әлемге танытты? Ресейдің частушкиларын ғана айтып, әлемге танылған орыс әртісін білесіз бе? Бейонсе, Риана, Майли Сайрус ағылшынның халық әндерін орындап жүр деп ойласыз ба?

Сондықтан қорытындылай айтарым Ninety One қазақ эстрадасында аттары аңызға айналатын топ. Ninety One қанша жылдар қазақ тілінде сөйлегісі келмей жүрген қазақстандық өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне себепкер болып отыр. Сол себепті қазіргі жастардың таңдауы – Ninety one.

Ninety One алға, EagleZ самға!

8
6
3106

Еще по теме