НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ІЗДЕСТІРУ

Қызылжар ауданы ІІБ із-түссіз жоғалып кеткен 1990 ж. 26.06 туған СҚО Қызылжар ауданы Петерфельд с. тұрғыны Дархан Сырымбетұлы Махметов іздестірілуде. Ол 2014 жылғы қыркүйектің 13-і күні Алматы қаласына кеткен. Бүгінгі күнге дейін оның жүрген жері белгісіз. Осыған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалған.
Белгілері: бойы 165-170 см, дене бітімі арықша келген, шашы қысқа, кеудесінде отадан қалған тыртығы бар.
Үстіне көбінесе спорттық киім киіп жүреді.
Аталған азаматқа қатысты қандай да бір ақпарат алған жағдайда келесі телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 39-40-07, 39-40-37, 102 – СҚО ІІД кезекші бөлімі, 8-71538- 2-17-02, 2-26-71 – Қызылжар ауданы ІІБ кезекші бөлімі, 39-41-78, 39-41-79 – СҚО ІІД КПБ іздестіру бөлімі.
СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасы
