Н Е З А В И С И М О С Т Ь Ц Е Н О Ю Ж И З Н И
Ж А Н Н А Н Б Е З І П Ж А Р С А Л Д Ы Қ
(Желтоқсанда азаттық, деп жар салған жалынды жастардың көтерілісі)
1986 жылы 16 желтоқсанда СОКП Орталық Комитетінің шешімімен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан босап Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы болып Колбин тағайындалды. Соған наразылығын білдірген жастар орталық алаңға ағыла бастады.
Ауыл шаруашылық институтында сабағым бар еді соған бардым, келсем студенттер дүрлігіп отыр екен. Олар маған: «Ректордың, егерде кімде-кім алаңға шығатын болса оны оқудан шығарамыз және жауапқа тартылады», деген сөзін жеткізді.
Мен оларға: «Бостандықтың күрессіз келмейтінін, отанымыздың азаттығы үшін көптеген отандастарымыз жанын құрбан еткенін айтып, алаңға шығу керектігін түсіндірдім. Кенесары, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Мыржақып Дулатов сияқты көптеген азаматтар қазақ халқының азаттығы үшін өмірлерін құрбан етіп, жандарын қиғандарын жеткізіп, және біздің жанымыз сол ардақты азаматтарымыздың жанынан артық емес», деп Орталық Комитеттің теріс шешіміне алаңға шығып наразылық білдіру – қазақ еліне азаттықты талап ету қажеттігін айттым. Жандарында Отанына деген ыстық сүйіспеншілік лаулаған, көкіректерін елі үшін намыс кернеген жалынды жастар мені бір ауыздан қолдап, біз алаңға шықтық.
Әрине халықтар достығының лабораториясы атанған мамыражай Қазақстанда бұл оқиға билік машинасы үшін күтпеген жәйт еді.
Бейбіт шеруге шыққандарды қуып таратуға Орта Азия және Қазақстан ішкі әскерлерінің № 6654, 7552, 5449 әскери бөлімдері, Алматы өрт сөндіру училищесінің курсантары, Ташкент, Тбилиси, Уфадан қосымша алты арнайы милиция батольондары Ташкенттен Тбилисиден № 3408, 3219 мотоатқыштар болімдері тартылғаны, оған қоса 10 БТР және 10 өрт сөндіргіш машиналары болғаны белгілі болды.
Алаңның жан-жағын темір телпек киіп, резина тоқпақпен, шолақ күрекпен қаруланған солдаттар жауып кетті, олар ұйлыққан жұртты жусатып кетті, екінші сондай бір лек жиналғандардың шаштарынан шыңғырта сүйрелеп, алаң шетінде дайын тұрған машиналардың қорабына тоғытып жатты.
Жастарға «бұзақы, нашақор, маскүнем» деген аттар тағылды. Оларды жұмыстан, оқудан шығарып, комсомолдан аластады, ұрып - соғып, азапқа салып тергеп соттады.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған Қазақ халқының азаттығын жанын құрбан етіп заңды талап еткен жастарды отаршылдардың құйыршықтары жаппай қудалауға кірісті.
Батыр жастарымызға желтоқсан көтерілісі кезіндегі жамалған «қылмыскер» деген жалған ат үнемі алдарынан шығып, оларды өмірден түңілуге дейін жеткізді, көтеріліске қатысқандарды «халық жауындай» қаралап, еш жерге жұмысқа алмады. «Балалары режимге қарсы шықан» – деп, ата-аналарын жұмыстан қуды. Жендеттердің аяусыз тепкісімен, бойынан өткен суықтан жастардың кейбіреуі мугедек болып қалды.
Халқымызға үлкен рух берген 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісімен оның нәтижесі 1991 жылғы туелсіздігміз екенінде дау жоқ.
Кез-келген бұқара толқуын ұлттық рухты қамшылаған намыс тудырады.
Алаңға шыққан жастардың бұл көтерілісі зұлымдық империясының кезекті озбырлығына, басынуына шыдамы таусылғандығының айғағы – ол қазақ халқының отаршылдардың ғасырлар бойы қанауына, басып-жаншуына деген кезекті жойқын қарсылығы еді.
Тарихтан мәлім болғандай қазақтар отаршылдарға қарсы 384 көтеріліс жасаған екен. Жаратқан ием халқымды өр рухынан айырмасын.
Құрлықтың 6/1 бөлігін құраған 16 республиканы құлдықта ұстаған зұлымдық империясының (СССР) тұғырын шайқалтып, сол кезде бодан болған16 республикада бүгінгі күнгі демократияның негізін қалап тәуелсіздіктің бесігін жасаған, 1986 жылғы 16 желтоқсанда халқының азаттығы үшін көтеріліске шықан елім деп еңіреген батыр ұл-қыздарының ер жүректеріне басымызды иіп, сол батырлардың қанымен келген азаттыққа бүгінде оның жемісін көріп отырған адамдардың еш өтелмес қарызы, сондай-ақ қаhарман жастарды мәңгі ұлықтау қасиетті парызы екенін еш естен шығармауымыз қажет.
Н Е З А В И С И М О С Т Ь Ц Е Н О Ю Ж И З Н И
(декабрьское восстание молодежи за свободу)
16 декабря 1986 года по решению ЦК КПСС Динмухамед Ахмедович Конаев был освобожден от должности Первого секретаря ЦК КП Казахстана на его место был назначили Колбина. Недовольные таким решением молодежь начала стягиваться на площадь Республики.
В то время я был аспирантом института философии и права АН КазССР и дополнительно преподовал в Каз.СХИ. когда я пришел на занятие в институт возбужденные студенты мне сообщили, что их из ректората предупредили о том, кто пойдет на площадь того искючат из ВУЗ-а и привлекут к ответственности.
Мне пришлось им обьяснять, что свобода сама-собой не возникает, за нее надо бороться и до этого многие наши великие предки как: Кенесары, Алихан Бокейханов, Ахмет Байтурсынов, Турар Рыскулов, Сакен Сейфуллин, Магжан Жумабаев, Мыржакып Дулатов и многие другие положили свои жизни ради независимости нашего народа и что наша жизнь не дороже жизни этих людей. Далее я сказал, что мы должны выразить свое несогласие с неверным решением ЦК КПСС, а также требовать независимость нашему народу.
Молодежь, которая питала в душе горячую любовь к своей Родине и ненависть к паработителям согласилась выйтти на площадь и выразить свое недвольство. Кончно это явлилось для карательной машины большой неожиданностью в республике, которая считалась лабораторией дружбы народов.
После, как стало известно для разгона мирной демонстрации были стянуты войсковые подразделения № 6654, 7552, 5449 из Средней Азии и Казахстана, курсанты военных училищ Алматы, 6 батальонов и № 3408, 3219 мотострелковые подразделения из Ташкента, Тбилиси и Уфы, а также дополнительно включены 10 БТР и 10 пожарные машины.
На площади появились солдаты в железных касках, вооруженные дубинами и саперными лопатами и беспощадно стали избивать народ и запихивать их в «черные вороны»
После жестокого разгона демонстрации к молодежи-участникам стали навешывать ярлыки типа: «алкоголики, наркоманы, хулиганы». Их стали исключать из ВУЗ-ов, комсомала, уволнять с работы, жестоко избивали, пытали и незаконно осуждали. Прихвостни колонизаторов начали тотально преследовать молодежь, требовавших независимость, которую веками мечтали наши предки.
Нашу довлестную молодежь всюду начал преследовать ярлык «преступника» на них смотрели как на «врага народа» их сиключали из учебы, не брали на работу. Гонениям подверглись их родители как неблагонадежные, многие молодые люди после полученной простуды и пыток стали инвалидами.
Бесспорно, что наша сегодняшная независимость это результат восстания молодежи 1986 года за свободу, против колониализма.
Восстание 1986 года было очередным протестом, неповиновением нашего народа против колониального ига, угнетения, издевательства и геноцида «империи зла».
Как известно из истории казахи против колонизаторов совершали 384 восстания.
Сегодня люди счастливо проживающие на территории, которая занимает 1/6 часть суши земли в неоплатном долгу и их священным долгом является преклонение перед воставшей молодежи против империи зла (СССР), благодоря которым они (16 республик) в нстоящее время живут в независимых и демократичесих государствах.
