МІҢГЕСКЕН ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақ сөз түбіріне қосылып жәңа мәнді сөз тудырады. Мысалы,
Бас, бас + тық, бас + қару, бас + ші.
Міңгесу - бір атқа екі кісінің міңгесуі. Бұлай міңгесіп алысқа бара алмайсың. Өзгелерден ілесіп те, олардан өзып та кете алмайсың.
Бөтен тілден сөз қабылдап алғанда да екі тілдің жұрнақтарын бірінің артына екіншісін әдетте міңгестірмейді. Мысалы, орыс тілі неміс тілінен verben, tanzen сөздерінің түбірін ғана алып өз жұрнақтарын қосады да вербовать, танцевать деп қолданады. Қазақтың таңба сөзінің -ба жұрнағын алып тастап таможня деп сөз жасап адды. Қазақтың қазналық деген сөзінің –лық жұрнағын алып тастап өз жұрнағын қосып орнына казенный деп қолданады.
Рас, орыс тілі өте икемді тіл.
Ал қазақ тілінде орыс созін жұрнағымен алып артына қазақ жұрнағын міңгестре саламыз. Мысалы, мына екі сөзді алайық. Қазақстан респцубликасы, құс фабрикасы. Мұнда -ка орыс жұрнағы оның артына қазақ жұрнағын жалғап жұрміз. Орыс жұрнағын алып тастауға болмас па екен? Әбден болатын сияқты.
республикасы / республигі фабрикасы / фабригі
республикасының / республигінін фабрикасының / фабригінін
республикасына / республигіне фабрикасына / фабригіне
республикасында / республигінде фабрикасында / фабригінде
республикасынан / республигінен фабрикасынан / фабригінен

Орыстын –ка жұрнағын алып таста болатын сияқты, бірақ құлаққа үйреншікті емес. Мынан да ескеру жөн сияқты: немісші Republik, ағылшынша republic. Бұларда –қа деген жұрнақ жоқ.
В позапрошлом веке Ф. Энгельс в своей издаваемой им газете Neue Rhein Zeitung высмеял панславистов, которые «…собравшись в Праге на свой конгресс, вынуждены были говорить между собой на ненавистном им немецком языке».
Біз бәріміз түрікшілдерміз. Түрік елдерін адамдары жиналғанда қай тілде сөйлеседі? Ана тілімізді түрік тілімен жақындастырудын бір жолы бөтен тілдің жұрнақтарын міңгестірмеу.

Жәңа түрік тілін жасағандырдың бірі лингвист ғалым Зиа Ғөкәлп «бөтен жұрнақтарды қабылдама» деп кесіп айтқан. Қазақ тілінде мұні орындау оңай емес. Бұған қазақ тілін көндіруге жәңа амалдар керек. Армяндар, мысалы, арифметика, математика, физика, ботаника сияқты сөздерді –ка жұрнағын алып тастап, немесе сақтап жазатын грамматикалық ережелері бар. Ал түрік ғалымдарының бұл проблеманы қалай шешкені қалай түрік тілін «көндіргенін» біздін ғалымдардын зерттегені жөн-ақ болар еді.
