МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ПІКІР САЙЫС ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 2 маусым күні Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысының жастар саясат мәселелері басқармасымен бірлесе отырып ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 23 – маусым Мемлекеттік қызметші күніне орай карантиндік шараларды сақтай отырып, мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық пікір-сайыс ойыны ұйымдастырылды.
Аталған пікір-сайыс ойыны негізінен халықаралық Америкалық парламенттік форматында жүргізілді. Облысымыздың аудан, қала әкімдіктерінен жалпы 15 команда құрамалары қатысып сынға түскен болатын. Ақтық кезеңге 4 команда жолдама алып Талдықорған қаласы Жастар қызмет көрсету орталығының ғимаратында бақ сынады.
Талас тартыс нәтижесінде Алакөл ауданының намысын қорғаған «Аманат» командасының спикері Акатаев Бауыржан «Сөз шебері» номинациясымен марапатталды.
Ақтық мәреге шыққан Талдықорған қаласының «Алаш» және Талғар ауданының «Талқыз» командаларының тартысты ойыны нәтижесінде төрешілердің шешімі «Алаш» командасының пайдасына шешілді.
Турнирдің қатысушылары Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің және Алматы облысының жастар саясат мәселелері басқармасының құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған турнирдың мақсаты:
- Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру;
- Мемлекеттік қызметкерлер арасында зияткелікті, ізденімпаздықты, жаңашылдықты, жауапкершілікті, ұйымдастырушылық пен шешендік қабілетті арттыра отырып, ұжымдық бірлестікті қалыптастыру;
- Жастардың саяси белсенділігін арттырып, олардың арасында көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
