Перейти к содержимому
Обложка сообщества Алматинец

Mall Aport East ашылды

Жақында ғана Алматы қаласының шығыс жағында жалпы аумағы  – 150 мың шаршы метрді құрайтын APORT EAST МОЛЛ ашылды. Құрылысына Halyk Банкі мен Damu қоры қаржылай қолдау көрсеткен бұл нысанның ішінен іздегеніңіз табыла кетері анық.

Аталған нысан қазақстандық Eurasia RED девелаперлік компаниясына тиесілі. Ішінде үлкендер үшін де, балалар үшін де қажеттінің бәрі бар. ТМД бойынша ең үлкен экранмен жабдықталған  Halyk Imax Kinopark 16 кинотеатры мен Орталық Азиядағы ең ірі Funky Planet отбасылық ойын-сауық паркі осында.

Фудкортта 50-ге жуық мейрамхана мен кафе орналасқан. Дмитрий Ревин, Aport моллының тең меншік иесі: -  Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы жоспарымыз ауқымды. Қазір Aport East моллының екінші кезеңінің құрылысы жүріп жатыр. Оның 40 мыңнан астам шаршы метрінде Sanremo Resort&Spa аквапаркі, фитнес орталығы ашылады. Онда бір уақытта 4300 адам демалады. Енді үшінші кезең жобаланып жатыр. Оның аумағында 25 халықаралық бренд орналасады.

Magnum супермаркеті желісі тағы бір сауда орталығымен толықты. Оның аумағы 4,5 мың шаршы метрге жуық. Азамат Османов, Magnum Cash & Carry бас директоры: - Біз мұндай ауқымды жобаға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бұдан былай да серіктестерімізбен сүйікті қаламыз Алматыны гүлдендіруге бірге атсалысамыз. Қаланың дәл осы бөлігіне осындай нысан өте қажет еді. Енді тұрғындар бізді іздеп алысқа бармайды. Ал біз халыққа сапалы қызмет көрсетуге дайынбыз. Бірінші Lifestyle Aport East Моллы Алматы агломерациясының батыс бөлігін дамытуға сәтті пайдаланылды. Ал екіншісі шығыс жағын өркендеуге септігін тигізбек. Ол жерде 5 мың жаңа жұмыс орны ашылып, осы аумаққа жақын орналасқан 1 миллион адамға қызмет көрсетеді.

Mall Aport East – орталық-азиаттық  деволопмент үшін отбасылық демалыстың  айырықша  үлгісі.

Аport жаңа жобасы жергілікті деңгейде қаланың бүкіл ауданы үшін  заманауи  инфрақұрылымды қалыптастырады.

Mall Aport West жобасы  –  бұл тек  әйгілі халықаралық брендтер ғана емес,  сонымен бірге отбасылық демалысқа арналған үлкен аумақ та. Біздің меймандарымыздың көпшілігі әлемдік деңгейдегі бес  аспаздық    гастрономияның аралас  кеңістігін  көрді. Көп қонақтар Hawaii  және  Miami Aquapark & SPA аттракциондары бар  маусымаралық  судағы сауық кешендерін тамашалады, ал Funky Town  және  Funky World  көңіл көтеру  саябақтары балалардың сүйікті  орнына айналмақ.

#AportEast

0
0
383
Баннер сообщества Алматинец

Еще по теме