М.Қыдырбайұлы. Қазақстан мектептерінде ұлттық құндылықтар хабын (технопаркін) локализациялау
Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда (15.03.2024) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев айтқандай «мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін жаңарту, Біртұтас тәрбие бағдарламасы, Адал ұрпақ, Modern Nomads идеясы» ұсыныстары негізінде Жаңа Қазақстанның жасампаз ұрпағын қалыптастыру ісіне ат салысуда республика мектептерінде Ұлттық құндылықтар хабын (технопаркін) ашуымыз қажет.



































