Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

М У Х Т А Р А У Е З О В – В Е Л И К И Й П И С А Т Е Л Ь

Ә Л Е М Г Е К Е М Е Ң Г Е Р А Б А Й Д Ы Ж Ә Н Е Қ А З А Қ Ұ Л Т Ы Н Т А Н Ы Т Қ А Н Ұ Л Ы Ж А З У Ш Ы М Ұ Қ Т А Р Ә У Е З О В

Мұқтар Омарханұлы Әуезов (1897 – 1961 жж.) – қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-ніңеңбек сіңірген ғылым қайраткері, бірінші дәрежелі Ленин және Сталин силықтарының иегері. Замандастары Мұқтар Әуезовті елгезек, бауырмал, ізгілікті, сырбаз адам деп сипаттаған.

Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Мұқтардың атасы Әуез Абайға нағашы болып келеді. Ескіше сауаты бар, араб, парсы, түркі әдебиетімен таныс Әуезді Абай «Әуке аға», «Үлкен қожа» деп атаған.

Мұқтар Семейдегі орыс гимназиясында білім алып сонан соң мұғалімдер семинариясын бітіреді.

Әуезов Семейде алашордашылар ұйымының мүшесі бола жүріп «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. 1918 жылы мамырда алашордашылардың Омбыда өткен Жалпықазақ құрылтайына қатысып, оның жастар қанатының орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. 1919 жылы семинарияны тәмамдап, қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласады. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне оқуға түседі, сол кезде жазушының «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» әңгімелері жарық көреді. 1923 жылы маусым айында Ленинград мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет бөліміне түседі. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданады. 1934-1961 жылдары Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ұстаздық қызмет атқарады.

Қазақтың заңғар жазушысы артына бай әдеби мұра қалдырды, Мұқтар Әуезов өз шығармаларында драматургиядағы жанрлық формалардың бәрін қамтыған: драма, комедия, трагедия. Оның қаламынан отыздан аса драмалық шығарма туды, жеке пьесалардың нұсқаларын қосса, елуден асып жығылады. Қазақтың Ромео мен Джульеттасы аталған, Әуезов 20 жасында жазған тұңғыш көлемді туындысы «Еңлік-Кебек» күні бүгінге дейін театр сахнасынан түспей келеді.

Қаламгердің шығармашылығының дені ұлт-азаттық қозғалыс, әлеуметтік тақырыпқа арналған. 1928 жылы Әуезов қазақтың соңғы ханы туралы «Хан Кене» драмасын жазып бітіреді, алайда бұл трагедия советтік идеологиялық цензураның арқасында тек алты жылдан кейін ғана, 1934 жылы театр сахнасында қойылады.

Мұқтар Әуезовтің шығармашылығында «Абай жолы» роман-эпопеясының орны бөлек. Әуезов Абайдай ұлт мақтанышын, сондай-ақ қазақты дүниежүзінетанытқан қаламы қарымды қаламгер. Ол өзінің шығармасында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. «Абай жолы» әлемдік деңгейде «ХX ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі», деген жоғары бағаға ие болды.

Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын жазуға 30 жылға жуық уақыты кетті. Он тоғыз жасынан Абай туралы жазуды ойға алып, он жеті жыл өте ауыр жағдайда тыңғылықты зерттеулер жүргізіп «инені шөптің ішінде іздегендей» үздіксіз ізденіп, он екі жыл ішінде «инемен құдық қазғандай» аса күрделі тынымсыз еңбекпен жазып шықты.

Мұқтар Әуезов Семейге келіп, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов бастаған алашордашыл азаматтар қатарындағы Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды қазақтың дарынды ақын-жазушыларына қосылды. Алашордашыл бағытты ұстанған жастармен етене араласып, Мұқтар ұлтының бағының ашылуын аңсап, туған жұртына деген қамқорлығы арта түсіп, ұлттық бағытқа бет бұрады.

Алайда, Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге, 1930 жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып жазушы қуғын-сүргіннің алғашқы легіне ілігіп, іле-шала бірталай заттары мен құнды еңбектері тәркіленеді. Ол бағалы құжаттар бүгінге дейін табылған жоқ.

Голощекин «Мұқтар алашшыл, Орта Азия басмашыларының қозғалысына жетекшілік жасап, сондай қозғалысты Қазақ ССР-да ұйымдастыруға әрекеттенген. Кеңес үкіметін құлатуды алдына мақсат етіп қойған» деп, Әуезовті жауапқа тартып, айып тағады. Екі жыл НКВД абақтысында қамап оны: «идеологиялық айыбын» мойындап, «Ашық хат» жазуға мәжбүрлейді. Бұл жазушының ұлы Мұрат Әуезовтің айтуынша: «Озбыр заман туғызған «сайқал ойын», «екіжүзді зымиян саясаттың мағыналы хаттары», – еді.

Соғыстан кейін жазушы Қазақ Республикасы ғылым академиясының президиумына кірді. 1947 жылы эпопеяның екінші бөлімі жарық көріп, осы еңбегі үшін Әуезов сталин сыйлығын иеленеді. Бірақ сталин сыйлығы оны ұлтшылдық ұраны қайта көтеріліп, қазақ зиялыларының келесі шоғыры тұтқындалған 1952-53 жылдардың зұлматынан мүлде қорғамады, Мұқтарға тағы-да ұлтшыл деген айып тағылып қуғын-сүргінге ілігеді.

Осыдан кейін жазушы жалған құжат жасатып, Мәскеуге ұшып кетуге мәжбүр болған. (Бұл «ОГПУ №1 тыңшысы» деген жасанды құжат Әуезовтің музей-үйінде сақтаулы. Кейбір «білгіштердің» Мұқтарда қазақтарды «көрсеткен», деп аузына келгенін оттап жүргендері осыған байланысты). Сөйтіп, Әуезов Мәскеуде екі жылын өткізеді, Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды. 1954 жылы Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтайды.

Қазан төңкерісін кейінгі жылдары білім мен ғылымның мәнін түсінен Мұқтар Әуезов баспасөз беттерінде пәлсапа, педагогика, халыққа білім беру ісінің методикасы проблемаларын көтергені белгілі. «Мәдениет һәм ұлт» атты еңбегінде ол ұлттың гүлденіп дамуы, оның өсіп-өрбуі мәдениетпен ғылымға тікелей байланысты екенін айта келіп; «Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр. Осы күнде ғылым мен мәдениет жерде, суда, ауада, аспанда ай-жұлдызды билейді» дейді.

Мәдени прогресті жаңа қоғамды құрудың құрамдас бір бөлігі деп түсінген Мұқтар «Қазіргі уақытта біздің бір мұқтажымыз бар, ол – оқу» – деп түйеді өз ойын: Әуезов әсіресе ұлт кадрларын даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Оқытушылар, – дейді ол, – замана талабын дұрыс түсінген, адам баласының қас жауы надандық пен қараңғылыққа, қапастыққа қарсы күресуші және ұлттың өткен тарихындағы ұлы азаматтардың барлық мәртебелі де игілікті істерінің жалғастырушылары болуы шарт». М. Әуезов мұғалім жоғары ұждандық пен қатар, ұстазға тән қасиеттерді де бойына терең сіңіруі керек, яғни «ол өзі сабақ беретін пәнді толық түсініп, ол пәннің мақсатын, оқыту жөні мен жолдарын терең игеру, ұдайы өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіре отырып өтетін тақырыптарды терең-де анық түсіндіруге ұмтылуы тиіс.

Заманымыздың талантты жазушысы белгілі қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматов «Правда» газетінде: «Орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі Орта Азиялық көркем ойдың және біздің барлық көрші отырған халқымыздың рухани өмірінің қалыптасуына Мұқтар Әуезов сондай әсер етті» – деп жазды.

Расында да, бұл баға, біріншіден, ұлағатты ұстаздың үлгілі шығармашылығы мен дүние жүзі мәдениетінің дамуына сіңірген зор еңбегіне берілген әділ баға болса, екіншіден, оның тарихи шындықты ашып берген үлкен суреткер, асқан ойшыл екендігін мегзейді.

Мұқтар Әуезов, сол кездегі ақын-жазушылар сияқты, рево­лю­ция­ның қызыл қыраны да, дауылпазы да болмады. Ол өзінің жан дү­ниесін баурап алған ұлы мақ­сат­тарды бірте-бірте жүзеге асырды. Бұл жазушылық һәм ғалымдық жол еді. Ал халық жа­ды­на енген адамды уақыт та, заман да, қоғам да тарихтан сызып тастай алмайды. Бірақ осындай халық махаббатына жету үшін Мұхаң «тар жол, тайғақ кешулерден», аш бөрідей жа­бы­ла қапқан жалған сын­шы­лар­дан, екіжүзді саясаттың, опасыз иде­о­­логияның қанды қақпанынан өтті.

Мұхтар Абайды әлемге танытты – бұл ақиқат. Абай арқылы Әуезов қазақты, оның тарихын, ұлттық құндылықтарын, салт-дәс­түрлерін, аңыз-әңгімелерін, фольк­ло­рын әлемге танытты. Мұхаңның көзқарасын қалып­тас­тырған тағы бір үлкен саяси мектеп бар – бұл «Алаш» идеясы. Бұл бала Мұқтардың көзі ашық, көкірегі ояу кезіне тап келді, 20 жасар Мұхтар Әуезов «Алашорда» үкіметінің мақсат-мүддесін өмір­лік мақсатым деп түсінді әрі оның жұмысына белсене араласты. Мұқтар Әуезов Ресей құра­мын­дағы «Алашорда» үкіметінің жолы дұрыс болғанымен, дербес ұлттық мемлекет құруға жол берілмейтінін түйсініп ойын ашық, бүк­пе­сіз жариялайды. Мұқтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясына бастаған әдеби жолдың бірі оның «Еңлік-Кебек» пьесасы. Қазақ үшін қайғы жеп, өзегі өртенген Мұқаң өзінің ұлты үшін жан күйзелісін «Еңлік-Кебектің» алғы сөзінде білдіреді: «Айнымаған: кешегі күні жа­қы­нымен жатша жағаластырған алтыбақан алауыздық. Алаштың аты озғанша, ауылдасының тайы озсын деген берекесі, тыныш­тығы жоқ, бітімі, тынымы жоқ қазақ әлі сол қазақ. Өз қайратын өзі жойып, қасындағы туысқанын қарақтап, өз қолын өзі байлап берген қазақ әлі күнге сол қазақ, өшпеген мінезі осы. Ұмытылмаған әдет, жазылмаған дерт осы», деп күңіренеді ұлты үшін жаны күйген, қайран Мұқаң.

Академик Зәки Ахметов Мұқтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан алыстағы Қазақ елінің тәуелсіздік елесін көргендей болады. Бұл «Абай» эпопеясының эпи­ло­гындағы толғаныс-толғам: «Алда – өмір, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз. Шынға келсе, жап-жалғыз. Рас, оның бір қуаты, бір үміті бар екені рас. Қуаты – ақындық, үміті – халық. Бірақ бірі оянбаған күш болса, бірі танылмай, ұғылмай кетер ме ? Жетер ме сабыр, жетер ме қай­рат ?» Бұл Абай арманы еді. Әуезов Абайдың мұндай тебіренісін, жан күйзелісін неге салды? Соның аржағынан Мұқтар армандаған егемендіктің ұшқы­нын көргендей боламын…». Иә, бүгінгі қазақтың өмірі де, әлем картасында алып отырған орны да бөлек. Абай армандаған, Әуезов армандаған егемен Қазақ­станның жаңа тарихы жазылып жатыр. Қазақ әдебиетінің абызы Әбдіжәміл Нұр­пейі­сов: «Біздің Мұқтардан үйренеріміз көп. Әуезов Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінің қалыптасу дәуірінде алғаш рет лирикалық, психо­ло­гия­лық биік өрелі прозаны жазуды үйретті», – десе. «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табал­ды­ры­ғын аттай қалсам, әрқашан қа­сиет тұтып, өзіммен бірге қас­терлеп ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: − бірі «Манас», бірі – «Мұқтар Әуезов», − деп еді кезінде адамзаттың Айт­матовы. Әлемді аузына қаратқан Мұқаң туралы дүниежүзі қа­ламгерлері қадап айтқан пікірлері Мұх­тар Әуезовтің ұлылығын паш етіп тұрғандай. Француз жазушысы Луи Арагон: «Эпикалық роман «Абай жолы» менің ойымша ХХ ғасырдағы ең үздік шығарма­лар­дың бірі. Әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шы­ғар­маны табу қиын». Орыс совет жазушысы Леонид Соболев: «Мұқтар Әуезовтің «Абай жолы» − бұл нағыз роман, басқаша айтқанда өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұр­мыстың, адамдар арасындағы құш­тарлықтың, махаббат пен өш­пен­діліктің айқын бояулы суреттерін жасаған және ең бастысы, есте қа­ларлық жарқын образдар ар­қы­лы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап». Неміс жазушысы Альфред Курелла: «Сіз әлі «Абай жолын» оқыған жоқпысыз ? Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағансыз… Сіз сол дәуірді көзіңізбен көр­ген­дей айна-қатесіз танисыз. …Қандай тұнық поэзия! Проза формасымен басылған осынау қалың-қалың екі томның өн бойында бір жол қара сөз болсашы!». Камерун жазушысы Бенжамен Матип: «Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін. Шынында, бұл қазақтар – неткен ғажайып халық! Осы керемет «Абай жолы» романында қандай тамаша суреттелген!»

Мұқтар Омарханұлы Әуезов қазақ әдебиетін әлемге танытты. «Абай жолы» туындысы эпостан – эпопеяға дейінгі қазақ әде­бие­тінің жүріп өткен жолының кемел кезеңін көрсетті. Үлкен әде­би мектеп қалыптасты. Әбді­жә­міл Нұр­пейісов, Ғабит Мүсі­ре­пов, Ғабиден Мұстафин, Ілияс Есенберлин, Шер­хан Мұртаза, Сәкен Жүнісов, Мұқтар Ма­ғауин, Қабдеш Жұма­ділов сынды қазақ әдебиетінің алыптары Әуе­зовтің рухани мектебінен өтті. Осылай Мұқтар Әуезов ғалым, академик, жазушы ретінде жалпы әде­биеттің өркендеуіне үлес қосып қана қоймай, халық ауыз әде­биетінің асыл мұраларын, көш­пенділер мәдениетін жинас­ты­рып, зерттеп, оны сахналап ұл­тының Ұлы тұлғасына айналды.

Әр ұлттың ұлы тұлғалары бо­ла­ды. Олар қаншама ғасырлар өтсе де сол ұлттың жадында қалып, санасында сақталып, адамзаттың ортақ құн­ды­лығына айналады. Қазақтар үшін әрине бұл Абай. Сол Абайдың ұлы­лы­ғы мен кемеңгерлігін ашқан Мұқ­тар Әуезов те өткен ғасыр­дағы қазақ әдебиетінің алыбы.

Мұқтар Омарханұлы Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Ол қазақ өр­ке­ние­ті­нің жаңа болмысын ашқан кемеңгер жа­зушы, ғалым, ұстаз, драматург, сын­шы. Әуезов қазақ ұлтының баға жетпес байлығы.

Мұхтар Әуезов бүкіл әлемге дана Абайды және қазақ ұлтын танытқан Ұлы жазушы.

М У Х Т А Р А У Е З О В – В Е Л И К И Й П И С А Т Е Л Ь ПОСРЕДСТВОМ КОТОРОГО В Е С Ь М И Р У З Н А Л О В Е Л И К О М А Б А Е И К А З А Х С К О М Н А Р О Д Е

Мухтар Омарханович Ауезов (1897 – 1961 гг.) – Великий казахский писатель, выдающийся учёный, общественный деятель, доктор филологических наук, профессор, академик Академии наук, заслуженный деятель науки Казахской республики, лауреат Ленинской и Сталинской премии первой степени.

Ауезов родился 28 сентября 1897 года в селе Борили Абайского района Восточно-Казахстанской области. Дед Мухтара Ауез приходится к Абаю родственником по материнской линии – нагаши. Образованный Ауез был знаком с арабской, персидской и тюркской литературой Абай обращался к нему уважительно «Старший кожа» и «Ауке ага». Мухтар получает образование в русской гимназии и оканчивает учительскую семинарию Семипалатинска.

Мухтар Ауезов, будучи членом алашординской организации создает союз «Молодых алашовцев», также способствует образованию множества подобных кружков. В мае 1918 года участвует во Всеказахском учредительном собрании и избирается членом молодежного крыла его исполнительного комитета. В 1919 году после окончания семинарии принимает активное участие в общественно-политической работе. Осенью 1922 года в Ташкенте поступает в университет Центральной Азии, в этот период он издает серию рассказов: «Степные рассказы», «Рисунки степи», «Свадьба», «Образованный человек», «Кто виноват», «Баловень времени». В июне 1923 года поступает в факультет литературы и языка Ленинградского государственного университета, а в 1928 году его принимают в аспирантуру государственного университета Центральной Азии. 1934 –1961 годы Ауезов трудится преподователем в Казахском государственном университете имени Кирова.

Великий казахский писатель Мухтар Ауезов после себя оставил богатое литературное наследие в его произведениях присутствуют все формы драматургического жанра: драма, комедия, трагедия. С его пера родились более тридцати произведений драмы, если прибавить отдельные пьесы то их количество увеличится за пятдесять. Свою первую драматическую пьесу «Енлик-Кебек» Ауезов написал в 20 лет и эта пьеса, которая названа казахским Ромео и Джульетта по сей день не сходит со сцены театров Казахстана.

Произведения писателя в основном посвящены социальным вопросам и национально-освободительному движению. В 1928 году Ауезов завершает драму о последнем казахском хане «Хан Кене», но эта трагедия появилась на сцене театров через шесть леть, из-за советской идеологизированной цензуры, только в 1934 году.

В творчестве Мухтара Ауезова на почетном месте роман-эпопея «Абай жолы». Ауезов великий художник, который показал гордость и символ нации – Абая и казахский народ всему миру. Он в своем произведении всесторонне на энциклопедическом уровне раскрыл национально-культурные традиций казахского народа. Роману «Абай жолы» на мировом уровне была дана самая высокая оценка «Самое лучшее произведение ХX века».

На рождение такого сложного, объемного шедевра мирового масштаба «Абай жолы» потребовалось в общей сложности около 30-ти лет адского труда, из них на: кропотливое и тщательное исследование материала по крупицам в тяжелейщих условиях – 17 лет и на изложение ее на красочно-богатом, народном языке – 12 лет.

По приезду в Семипалатинск Мухтар Ауезов присоединился к талантливым писателям и поэтам алашордынцам: Магжан Жумабаеву, Жусипбек Аймауытову, Миржакып Дулатову, Султанмахмут Торайгырову во главе с Алихан Бокейхановым и Ажмет Байтурсыновым. Общение с молодежью алашордынского направления у Мухтара порождает мысли о необходимости национальной независимости, о счастливом будущем казахского народа.

16 сентября 1930 года его арестуют вместе с вождями движения «Алашорда», у него изымают рабочие наброски и некоторые вещи, которые не найдены до сих пор. Таким образом, Ауезов попадает в начальную стадию гонения по политическим мотивам.

Голощекин привлекает Ауезова к ответственности, обвинив его в том, что он «Алашовец, возглавляет басмачество Средней Азии, промышляет организовать такое движение и в Казахской ССР с целью развала Советской власти». Два года заключив Мухтара в адскую тюрьму НКВД его насильно принуждают написать «Открытое письмо» о признании своей «идеологической вины». По признанию сына писателя Мурата Ауезова это было: «Чудовищная игра», «письма с политическим подтекстом» общества насилия».

Послевоенные годы писателя принимают членом президиума Академии Наук Казахской республики. В 1947 году издается вторая часть романа-эпопеи «Абай жолы» за которое он удостается сталинской премии, но она не защитила Мухтара от очередного преследования по политическому обвинению в национализме казахской интеллигенции 1952-53 годов.

В период политического преследования по поддельным документам Ауезов уезжает в Москву и там около двух лет читает лекций в МГУ. В 1954 году возвратившийся в Алма-Ату полностью заканчивает роман-эпопею «Абай жолы». (Этот поддельный документ «Агент ОГПУ №1» хранится в доме-музее Ауезова. И сплетни некоторых «знатоков» о том, что Мухтар тоже «доносил на казахов» связаны с этим документом.)

Известно, что Мухтар Ауезов после октябрьской революции в периодических изданиях поднимал проблемы философии, педагогики и методики народного образования. В своей работе «Культура и нация» указывая на прямую связь роста и процветания нации с культурой и наукой он отмечает: «Наука и культура является золотым ожерельем всего. Сегодня наука и культура господствует на земле, воде, воздухе и подчиняет себе на небе звезды и луну».

Убедившись, что культурный прогресс является неотъемлемой частью строительства нового общества Мухтар заключает: «В настоящее время у нас есть только одна необходимость – эта учеба». Особое внимание Ауезов уделял подготовке национальных кадров: «Учителя должны соответствовать требованиям времени, быть злейшими врагами бескультурья, невежества, темноты и продолжателями полезного, прекрасного прошлого человечества». Далее Мухтар Ауезов отмечает педагоги вместе с высшей совестью должны иметь в себе присущее учителю высшее свойство, то есть «Они должны четко и доходчиво обьяснять тему слушателям для чего необходимо глубоко и четко освоить свой предмет, также задачи, методы, приемы и пути доведения до ученика материала постоянно повышая до совершенства свое педагогическое мастерство.

Выдающийся писатель Шынгиз Айтматов в центральной газете «Правда» писал: «Мухтар Ауезов оказал народам Центральной Азии огромное духовное влияние для развития их культуры, как Пушкин для русского народа».

Это в действительности была справедливая оценка за огромные заслуги в развитии мировой культуры и образцовым произведениям великого учителя, также великому мыслителю и художнику который показал всему миру историческую правду.

Мухтар Ауезов не был ни красным соколом, ни глашатаем октябрьской революции, как многие писатели и поэты того времени. Он просто осуществлял те цели, которые постоянно бударожили его душу и не давали ему покоя. Эта была тернистая путь писателя и ученого. И никто и ничто не может вычеркнуть достойного человека из памяти народа. Но такое всенародное признание и любовь пришлось заслужить Ауезову через тернии двуличной, коварной политики и идеологии двойного стандарта советской власти, также подлости завистливых людишек.

Историческая истина в том, что посредством Мухтара мир узнал о Великом Абае. Через Абая Ауезов донес всему миру историю и быт казахского народа, национальные ценности, традиций, легенды и былины, также его фольклор.

Формированию взглядов Мухтара способствовала большая политическая школа – эта идея «Алаш», которая совпала с периодом когда у юного Мухтара окрепло сознание и устоялись определенные взгляды на жизнь. И 20-ти летний Мухтар Ауезов разделяет цели и задачи правительства «Алашорда» и активно участвует в его деятельности.

Мухтар Ауезов хотя признал правительство «Алашорда», также он осознавал невозможность создания самостоятельного независимого государства в составе Российской империи, о чем он открыто заявляет.

Одним из литературных путей, которая привела Мухтара Омархановича Ауезова к эпопее «Абай жолы» эта его пьеса «Енлик-Кебек». Ауезов в предисловии к пьесе «Енлик-Кебек» передает свои переживания и глубокие страдания за свою нацию: «Непоправимое отчуждение к ближнему как к чужому, тот же несчастный казах меркентильно мыслящий «чем успешным будет нация» лучше «быть успешным самому». Уничтожая себя, выкручивая себе руки, страдая от зависти к ближнему – вот никчемная привычка и неизлечимая болезень темного, несчастного людишки».

Академик Заки Ахметов в роман-эпопее «Абай жолы» Мухтара Ауезова видит призрак независимости казахского народа в далеком будущем – это вещие размышления писателя в эпилоге романа: «Впереди жизнь и борьба, в ней он одинок, вскарабкается на вершину один. Правда у него есть еще сила и одна надежда. Сила – эта его поэзия, надежда – его народ. Но одна еще в глубоком сне, а другая, еще неизвестно, дойдет ли до сознания и сердец ? Хватит ли сила, хватит ли терпение ? Эта мечта Абая.

Зачем Мухтару – Великому поэту такое душевное волнение и страдание? За этим вижу мечту Ауезова о будущей независимости казахского народа» заключает Заки Ахметов.

Да, в настоящее время статус Казахстана и жизнь казахского народа совсем другая – сегодня пишется новая история независимого Казахстана, которую мечтали Абай и Ауезов.

Старейшина казахской литературы Абдижамил Нурпеисов отмечает: «Нам есть чему поучиться у Мухтара Ауезова он впервые научил нас писать лирическую, психологическую прозу высокого уровня в период становления казахской литературы после Абая», признанный человечеством Айтматовпризнавался: «У меня имеются две святыни, которых я всегда беру собой, когда выезжаю за пределы своей родины – одна «Манас», другая «Мұхтар Әуезов».

Писатели мировой величины также подтверждают величие Мухтара Ауезова признавая и восхищяясь его гением. По мнению французского писателя Луи Арагона: «Эпический роман «Путь Абая» является самым выдающимся произведением ХХ-го века. Другого творения равного ему найти очень трудно». Русский советский писатель Леонид Соболев писал: «Путь Абая» Мухтара Ауезова – это настоящий роман, который переворачивет целые пласты жизни и быта, показывающий яркие краски страсти, любви и ненависти в отношениях между людьми, самое главное, эта глубокая книга которая собрала в себе незабываемые яркие образы жизненных процессов народной истории». Немецкий писатель Алфред Курелла пишет: «Вы еще нечитали «Путь Абая»? Тогда вы ничего не читали... Вы сразу узнаете ту эпоху, будто бы сами жили в ней. Какая глубинная поэзия! В двух толстых томах написанных в форме прозы с начала до конца нет ни единного слова прозы!». По мнению писателя Камеруна Бенжамен Матип: «Ранее я ничего не знал про казахов. Действительно, эти казахи – какой чудный народ! И это чудо как прекрасно описывется в романе «Путь Абая!».

Благодаря Мухтара Омархановича Ауезова весь мир узнал о казахской литературе. Произведение «Путь Абая» показало полноценное развитие казахской литературы от эпоса до эпопеи. Была создана большая литературная школа. Глыбы казахской литературы как: Абдижамил Нурпеисов, Габит Мусрепов, Габиден Мустафин, Илияс Есенберлин, Шерхан Муртаза, Сакен Жунусов, Мухтар Магауин, Кабдеш Жумадилов прошли через духовную школу Мухтара Ауезова.

Ученый-академик, писатель Мухтар Ауезов – Великая личность, который внес огромный вклад не толко в развитие казахской литературы, он также исследовал устный народный фольклор, культуру кочевников вывел их на народную сцену.

У каждой нации есть свои великие личности их народ веками хранит в памяти, которые впоследствии становятся общечеловеческими ценностями. Для казахов – это Абай и Мухтар Ауезов, который показал всему миру мудрость и величие Абая – исполин казахской литературы прошлого века.

Мухтар Омарханович Ауезов занимает самое главное место в золотом веке национальной литературы. Он гениальный ученый, учитель, драматург, критик и выдающийся писатель глубокими энциклопедическими знаниями, открывший миру самобытность казахской цивилизации. Ауезов – высшая ценность казахской нации.

Посредством Великогописателя Мухтара Ауезова, весь мир узнал о Великом Абае и

казахском народе.

0
0
481

Еще по теме

М У Х Т А Р А У Е З О В – В Е Л И К И Й П И С А Т Е Л Ь - Yvision.kz