Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

МӘҢГІЛІК ЕСТЕ САҚТАЛУ

Сол жерде 6 мамыр неміс-фашистік басқыншылардан Кингисепп қаласын азат етудің 75 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтеді. Осылайша жауынгерлерді еске алу және құрмет көрсету ретінде капсуланы ресейліктерге табыс ету құрметі СҚО ішкі істер органдарының екі ардагеріне бұйырды. Әскери қызметшілер капсуланы салтанатты жағдайда отставкадағы полковниктер Ақан Сыздықов пен Евгений Райтенбахқа табыстады.

Аталған оқиғаның құрметіне орай, Петропавлда Кутузов орденінің иегерлерлері Кингисеппе жауынгерлері 314-ші атқыштар дивизиясының ескерткіші жанында мектеп оқушылылары, ішкі істер органдары және басқа да ведомстволардың ардагерлері, сондай-ақ аталары мен әкелері сұрапыл соғысқа қатысқан жандар жиналған митинг өтті. «41-ші жылдың тамызында Петропавлда Ұлы Отан соғысы тарихында ерекше із қалдырған 314-ші атқыштар дивизиясы құрылды. Бүгінде бізге батырларымызды құрметпен еске алу үшін жерлестеріміз ерлікпен қорғаған қалаға жол тартудың сәті түсті. Біз қасиетті миссиямызды абыроймен атқаруға сөз береміз», - деді әкімшілік полиция басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Евгений Райтенбах.

Жиналғандардың барлығы монументке гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында бейбітшілік үшін соғысқан жаунгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
350

Еще по теме

МӘҢГІЛІК ЕСТЕ САҚТАЛУ - Yvision.kz