ӘЛЕМДІК ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

2019 жылдың қараша айының 29 күні Азаматтық Авиация Академиясының қабырғасында «Әлеуметтік-гуманитарлық білімдер» мектебінің ұйымдастыруымен Тұңғыш президент күніне арналған «Әлемдік тұрақтылықтың жаршысы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Өткен іс-шара қонақтары Түрксіб аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының есеп және статистика бөлімінің меңгерушісі Зейталиева Макпал Маликовна, ӘГБ мектебінің жетекшісі, п.ғ.к., ассоц. профессор Бейсенбаева Айгуль Калтаевна, ӘГБ мектебінің ф.ғ.к., ассоц. профессор Акбаева Акмарал Наурызбаевна, ААА ғылыми-зерттеу жұмыстарының кеңесшісі Кошеков Кайрат Темирбаевич.
Іс-шараның жүргізушілері АБ-19.1 тобының студенті Тургенова А.Б., Сансызбай А.Б.
Өткен шарада төмендегі Академия студенттері баяндама жасады:
1) Е. Мамедов, А.Б. Тургенова
2) М. Батанова, М. Маулетказы,А.Утебалы.
3) А. Абдикарим, Д.Николаева, Д.Саржан.
Өнер көрсеткен студенттер:
1. А. Шалтай, Н. Омаров, А. Нұрбол.
2.М. Шапенова, Ж. Жукеева, Д. Жаймағанбетова
Дөңгелек үстел қонақтары Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі екенін атап айтты. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын деп баршаға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тіледі!













