Перейти к содержимому
Обложка сообщества Путешествия

Қостанай туризмі туралы

Қостанай туризмі туралы

1. Өткенде Астанадан Қостанайға шетелдіктермен барар және келер кезде бірге ұшып келдім. Әуежайда кәдесыйлар не туристерге арналған бұрыш яки жазба байқамадым. Түскен соң жаяу шығып, таксиге кете бардым. Такси демекші мұнда Индрайверден гөрі Яндекс көп қолданылады екен. Қалада сервисі жақсы екі қонақ үй бар, халықаралық деңгейдегі мейманхана қажеттілігі қатты сезіледі.

2. Тамақ ішетін, оның ішінде, ұлттық дастарханнан дәм таттыратын дәмхана-мейрамханалары бар. Әлі де сервисті арттыру керек.

3. Қостанайда не көруге болады? Өңір жәдігерлерінің 60 проценті жиналған облыстық өлкетану музейі. Жақында жөндеуден соң ашылуы тиіс. Айтқандай, Қостанай жерінде Ыбырайға құрмет ерекше. Мұнда музейі бар, қала іргесінде жерленген. Бірақ, Шоқан есімі кішкене көмескілене беретін сияқты. Сосын Алаш зиялыларына қатысты айтқанда тек Торғай емес, Тобыл-Торғай деп айтқанымыз дұрыс болар. Ахаң мен Жахаң ескерткіші айқындап тұр. Абай жетіспейді әрине. Бейімбет, Спандияр сияқты басқа да талай зиялыларымыз Қостанай облысы аумағында туған. Қалада 19 ғасыр соңы мен 20 ғасыр басындағы сәулет ескерткіштері бар. Туристерге қызықты болар. Ойын-сауық жағынан Терма Парктері керемет. Кинотеатрлары, қос театры бар, мәдениеті озық өлке.

4. Әуежайы Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан, Мәскеу, Фукуок, Шарм-эль-Шейхтан ұшақтар қабылдайды. Жақсы емес пе? Астананың өзіне екі рейстен ары-бері ұшады. Поезды тағы бар. Көлікпен Астанаға 700 км болар. Яғни, турист ретінде демалыс турына барып қайтуға болар.

5. Өкінішке орай, облыстың Меңдіқара, Қарабалық, Сарыкөл сияқты шекара маңы аудандары туралы ақпарат аз. Меніңше, осындай солтүстік аудандарымызды таныту қажет.

6. Жалпы, облыс Қазақстандағы ең үлкен аймақ екенін, оның тарихи һәм табиғи-географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, 5-6 күндік блог-тур ұйымдастыру керек. Бірақ ол үшін жеке Қостанай облыстық Туризм басқармасы керек, әрине облыс орталығында Сапар орталығын ашу кезек күттірмейтін іс.

7. Қазақстанның басқа аймақтары жұрты үшін облыстың орманды жерлерінде демалыс орталықтарын көбейту керек. Қостанайдың ауасы да таза.

8. Торғай өңірінің туризмін қарқынды дамыту да маңызды.

#Amandyq Amirkhamzin

0
0
2711

Еще по теме