Қостанай облысына 1,5 млрд. АҚШ доллары инвестициясы келді

2025 жылғы 20-21 қазан күндері Қостанай облысында елеулі екі оқиға болды.
Біріншісі, 2025 жылғы 21 қазан күні Қостанай қаласында KIA Qazaqstan автомобиль зауыты ашылды. Оның өндірістік қуаты жылына 70 мың көлік. Инвестиция көлемі 310 млн. АҚШ доллары. Ашылатын жұмыс орындары: бірінші кезеңде - 1500 адам, екінші кезеңде - 2000 адам.
Бұл жоба жөнінде айтылып және жазылып жатыр, ал, мен өзім куә болған екінші жоба туралы айта кетсем.
2025 жылғы 20 қазан күні Рудный қаласында Eurasian Resources Group (ERG) Австрияның Primetals Technologies Austria GmbH және АҚШ-тың Midrex Technologies Inc. компанияларының консорциумымен бірге стратегиялық келісім-шартқа қол қойды.
Осының нәтижесінде, Рудный қаласындағы ыстықтай брикеттелген темір (ЫБТ) шығару жөніндегі зауытты салу бойынша жоба шеңберінде қызметтер кешенін ұсынуға, сондай-ақ, толыққанды инжирингті, негізгі технологиялық жабдықты жеткізуді көздейді.
Нәтижесі мынадай:
- жобаның өндірістік қуаты – жылына 2 млн. тонна ыстықтай брикеттелген темір шығару;
- инвестиция көлемі – 655 млрд. теңге, яғни 1 млрд. 200 млн. АҚШ доллары қаражаты;
- 1000 астам жұмыс орны ашылады;
- жобаны пайдалануға беру мерзімі – 2029 жыл;
- ЫБТ жобасын іске асырушы ERG-дің еншілес компаниясы - «QazIron ERG» ЖШС;
- болашақ зауыт Орталық Азиядағы жаңа буын «жасыл» металлургияның аса ірі объектілерінің бірі болады;
- металлдандыру деңгейімен өнімді шығару кемінде 93% құрайды және темір құрамы 90% асады;
- Қазақстанның бәсекелестікке қабылетті жаңа өніммен болат құю өнеркәсібінің жаһандық нарығына шығуға мүмкіндік береді;
- жобаны іске асыру Midrex процесі бойынша темірді тікелей қалпына келтірудің озық технологиясына сүйенген. Бұл тәсіл дәстүрлі домналық өндірістің орнына экологиялық таза, кокстың орнына табиғи газ пайдаланылады;
- зауыт болашақ болат балқыту цехында ыстық өнімді тікелей беру мүмкіндігімен «ССКӨБ» АҚ-да меншікті өндірістегі тотыққан темір рудасы шекемтасын қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
