Кітапханалық дағдыларды жетілдіреміз
Семинардың ұйымдастырушылары – Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен І. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы болды.
Семинардың мақсаты – кітапханашылардың ББК-ны қолдану саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру. Онда «ББК: қиындықтар, ерекшеліктер, шешімдер», «ББК және кітапханалардағы каталогтау», «Классификация – негізгі емес, тек қана қорды орналастыруға арналған көмекші құрал» және басқа да маңызды тақырыптар қарастырылды.

