«Кітапхана әлемі» кітапханалық экскурсиясы өтті

Бүгін кітапханамызға №31 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арнайы танымдық экскурсиямен келіп қайтты.
Саяхат барысында бүлдіршіндер кітап патшалығының қызықты тыныс-тіршілігімен жақын танысты. Олар кітапхананың негізгі бөлімдерін аралап, кітапты ұқыпты ұстау тәртібі мен кітапхана ішінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйренді. Сондай-ақ, балалар сиқырлы кітаптар парақтары арқылы ертегілер әлеміне еніп, логикалық жұмбақтарды шешті және қызықты викториналық сұрақтарға жарыса жауап берді.
Бұл шара балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани азық алуына жол ашты. Экскурсия соңында ерекше әсер алған оқушылар жақын күндері ата-аналарымен бірге келіп, кітапхананың тұрақты оқырманы болуға уәде берді.

