«Бір мезгілде. Бір мақсатта. Бірге оқимыз!»

Құрметті елорда тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар,
оқушылар, студенттер және кітапсүйер қауым!
6 қараша күні Астанада ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің
туғанына 185 жыл толуына орай «Бірге оқиық» атты ауқымды әдеби акция
өтеді.
Бұл күні елорданың білім беру ұйымдарын, кітапханалары мен
оқырман қауымын ортақ әдеби бастама аясында бірігуге шақырамыз.
Бізді не біріктіреді?
Астана уақытымен сағат 11:00-де барлық қатысушылар ұлы
ағартушының үш шығармасын бір мезгілде дауыстап оқиды:
1. «Таза бұлақ» – адамгершілік пен рухани тазалық туралы.
2. «Бай баласы мен жарлы баласы» – дербестік, өмірлік тәжірибе мен
тапқырлық туралы.
3. «Қыпшақ Сейітқұл» – адал еңбек, кәсіпкерлік пен ұжымдық
жауапкершілік туралы.
Акция қалай өтеді?
Орталық алаң – Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL
мектеп-лицейі.
YouTube платформасында орталық тікелей трансляция жүргізіледі.
Бір мезеттік дауыстап оқу ұзақтығы – 20 минут.
Білім беру ұйымдары орталық эфирге қосылып, өз алаңдарынан
тікелей эфир ұйымдастыра алады.
Оқудан кейін арнайы шақырылған мамандар мен әдебиет
өкілдерінің қатысуымен шығармаларды талқылау өтеді.
Акцияға қалай қатысуға болады?
1. Өз мектебіңізде, колледжіңізде, кітапханаңызда немесе
ұжымыңызда қатысушыларды біріктіріңіз.
2. 6 қараша күні сағат 11:00-де орталық YouTube трансляциясына
қосылыңыз.
3. Өз алаңыңыздан тікелей эфир ұйымдастырып, әлеуметтік
желілерде бөлісіңіз.
4. Акцияның бірыңғай хэштегтерін қолданыңыз:
#БіргеОқиық #КітапОқитынҰлт #КітапОқитынАстана #АстанаОқиды
Осы күні мыңдаған оқырманның үні кітап төңірегінде тоғысып,
Ыбырай Алтынсариннің асыл мұрасы баршамызды ортақ рухани
құндылықтарға біріктірсін!
Күні: 2026 жылғы 6 қараша
Басталуы: сағат 11:00
Орталық алаң: Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-
лицейі, Төле би көшесі, 42.
Бір мезгілде. Бір мақсатта. Бірге оқимыз!
Уважаемые жители и гости столицы, представители интеллигенции, педагоги, школьники, студенты и все любители чтения! 6 ноября Астана объединится в масштабной литературной акции «Бірге оқиық», посвящённой 185-летию со дня рождения Ыбырая Алтынсарина. В этот день мы предлагаем всем образовательным организациям столицы, библиотекам и читательским сообществам стать частью одного большого литературного события. Что нас объединит?
В 11:00 по времени Астаны участники одновременно прочитают три произведения великого просветителя: 1. «Таза бұлақ» – о нравственной чистоте и человечности.
2. «Бай баласы мен жарлы баласы» – о самостоятельности, жизненном опыте и находчивости.
3. «Қыпшақ Сейітқұл» – о честном труде, предприимчивости и коллективной ответственности.
Как пройдёт акция?
• Центральная площадка – BINOM SCHOOL имени Ыбырая Алтынсарина. • Прямая трансляция будет организована на YouTube.
• Продолжительность синхронного чтения – 20 минут.
• Образовательные организации смогут подключиться к центральному эфиру и организовать собственные прямые трансляции.
• После чтения состоится обсуждение произведений с приглашёнными специалистами и представителями литературного сообщества.
Как присоединиться?
1. Соберите участников в своей школе, колледже, библиотеке или другом коллективе.
2. 6 ноября в 11:00 подключитесь к центральной YouTube- трансляции.
3. Организуйте прямой эфир со своей площадки и поделитесь им в социальных сетях.
4. Используйте единые хэштеги акции: #БіргеОқиық #КітапОқитынҰлт #КітапОқитынАстана #АстанаОқиды Пусть в этот день тысячи голосов объединятся вокруг книги, а наследие Ыбырая Алтынсарина станет частью общего культурного события!
Дата: 6 ноября 2026 года
Начало: 11:00 Центральная площадка: BINOM SCHOOL имени Ыбырая Алтынсарина, ул. Төле би, 42.
Бір мезгілде. Бір мақсатта. Бірге оқимыз!
