Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Кешiр,баба

Қалады шу,

Бұл күнде далада шу.

Бiр-бiрiне жауығып жағаласу.

Айдын ақыл,сарабдал сабыр ығып,

Бойды билеп тәңiрiм-ау бара ма ашу.

Кей залымның күткенi осы тегi,

Далақтайды түрiлiп қос етегi.

Тұнығыма тасадан тас лақтырып,

Сенгiш жасқа қызыл шоқ көрсетедi.

Ата-баба жерiне кiндiк кескен,

Күдiк қылып

Қорқытпақ елдi сеспен.

Тарлан тарих тiл бiтсе сөйлерi анық,

Жанартаудай жаңғыртып iзiңдi өшкен.

Кешiр,баба,

Аңқылдақ ұрпағыңды.

Бүгiн жаны теңiздей бұрқанулы.

Жерi түгiл жандарға жаны қара,

Өз еркiмен бере алмас бiр талыңды.

Кешiр,баба,

Кеңдiктен кемiмеген,

Өзгенiкiн өзiне телiмеген.

Осы шығар тәубаға келу деген,

Басқа көзбен қараймын жерiме мен.

Сүлеймен Баязитов

 
0
0
287

Еще по теме

Кешiр,баба - Yvision.kz