Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КЕНЕСАРЫ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІМЕН ҰЛЫ ДАЛА МЕМЛЕКЕТІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҚАЗАҚТЫҢ СОҢҒЫ ХАНЫ КЕНЕСАРЫ

Жымысқы-сайқал отаршылдық мүдделерін көздеген Қытаймен Ресей қалмақтарды әзірлеп, қаруландырып қазақтарға қарсы айдап салғаны тарихтан белгілі. Қазақ халқы өзінің жері мен елін, Отанын Жоңғар басқыншыларынан бір ғасырдан астам кезеңде (1643 – 1756 жж.) қорғаған Ұлы Отан соғысы қазақтарды әдбден титықтатып қалжыратты. Қазақтардың осы әлсіз жағдайын пайдаланып Ресей империясы зымияндықпен қазақ жеріне сыналап кіріп бекіністерін сала бастады. Ресейдің бұл басқыншылық, отаршылдық саясатына қазақ халқы наразылық білдіріп оған қарсы көтеріліске шықты.

XVIII – XX ғасырларда Ресей империясының үстемдігіне қарсы Қазақ елінде ұлт-азаттық қозғалыстар күшейгені тарихтан мәлім. Осы кезеңде отаршыларға қарсы қазақтар 380-нен астам көтеріліске шықан екен. Солардың ең тегеуірінділері Сырым Датұлы (1782 – 1797), Тіленші Жоламанов (1822 – 1824), Исатай-Махамбет (1836 – 1837), Аманкелді Иманов (1916 – 1919) бастаған ұлт-азаттық соғыстарын және 1986жылғы Желтоқсан көтерілісін айтуға болады. Бұл соғыстардың əрбірі қазақтың бүгінгі егемендігі, тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттілігі үшін қасиетті қантөгіс болатын.

Қазақ тарихында болған ұлт-азаттық күрестердің бірегейіжәне ең маңыздысы сөз жоқ, Кенесары көтерілісі. Ол халқымыздың азаттығы мен тəуелсіздігі үшін империяға ашық қарсы шыққан ең ұзақ және қантөгісті күресі болып есептеледі. Өйткені бұл көтерілістің мақсаты туған жерді бақыншылардың табанына бастырмай, тәуелсіздігімізді сақтап қалу еді. Кенесары хан уақытша болса да тоз-тозы шығып ыдырап кеткен үш жүздің басын қосып қазақ мемлекетін қалпына келтірді. Сөйтіп аттары аңызға айналған, әлемге әйгілі Аттила, Шыңасхан ұрпақарының – Ұлы Дала түлектерінің мызғымас жоғары рухын бүкіл дүниеге паш етті.

Қазақ даласының соңғы ханы Кенесары, Орта жүздің саяси өмірінде жүз жылдан астам билеуші болған шаңырақта дүниеге келіп, тəрбиеленген төре тұқымы, Абылай ханның немересі. Арғы аталары Шыңасханның үлкен ұлы Жошыдан тарайды: Шыңасхан – Жошы хан – Абылай хан (Əбілмансұр) – Қасым хан – Кенесары.

Дегенмен, Кенесары сұлтан ашық күреске шықпас бұрын патша өкіметінің қазақ жерінде бекініс салуларын тоқтатуын бейбіт түрде талап етті. Ол Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тəуелсіздігін сақтауды көздеді. Отаршылдарға қарсы соғысты бастамас бұрын Кенесары бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап: Ресей патшасы Николай І-ге, Орынбор, Сібір генерал-губернаторларына хат жолдады. Ақылды саясатшы жəне əскери қолбасшы ретінде Кенесары сұлтан жаудың мықты қарулы күші бар екендігін жақсы түсінді, сол себепті соғысқа мұқият даярланды. Сол үшін ол қазақтың Үш жүзін бір мақсат жолына біріктіру саясатын жүргізіп, шетел шеберлерін алдырып зеңбірек құюды, қару-жарақ соғуды жүзеге асырды, бүкіл қазақ жерінен қол жинады.

Кенесары өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы күрестегі ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді.

Кенесары патша əскеріне қарсы жоспарлы күресті 1838 жылдың көктемінен бастап жүргізді. 1838 жылғы 26 мамыр күні Кенесары-Наурызбай екеуі жасақтарымен Ақмола бекінісін талқандап, өртеп жіберді. Ақмоланы талқандаған соң, Кенесары 1838 –1839 жылдары жүйелі түрде приказдарға, бекеттерге жəне разъездерге шабуыл жасап, дұшпанның дайындалған жем-шөптерін жойып, қатынас жолдарын қиратып, партизандық күрес жүргізуді жалғастыра түсті.

1841 жылы қыркүйекте Үш жүз қазақтарының өкілдері Кенесарыны өздерінің ханы етіп сайлады. Уақытша болса да Қазақ хандығы қайта орнады. Патша үкіметі бұл жаңалықты үлкен үреймен қарсы алды.

Хан болып сайланған Кенесары Қасымұлы ұлт-азаттық күресін сəтті дамыту үшін орталықтанған мемлекет құруға талпынды. Оның қоластында жақтаушы батыр, би жəне сұлтандардан тұратын жоғары кеңесуші орган болды, ал хандықты Кенесары өзіне адал жасауылдардың көмегімен басқарды. Олар құқықтық, шаруашылық, дипломатиялық, салық жəне де əскери мəселелермен айналысты. Кенесарының тұсында: салық жинау тəртіпке келді; егіншілікпен айналысу мүмкіндігі жасалды; сауда-саттық саясаты өзгеріске ұшырады; мемлекеттік құрылыс өзгертілді; хандық кеңес құрылды; мəмлегерлік қызмет ұйымдастырылды; байлардың талас-тартысына, ру аралық қақтығысқа тыйым салынды; соғысуға қабілетті жасақ ұйымдастырылды; тыңшылық қызмет енгізілді.

Кенесары хан 1841 жылы күз айында қоқандықтардың едəуір күштері орналасқан Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршап, оны өзіне қаратты.

1844 – 1845 жылдары көтеріліс қарқыны одан әрі күшейді, ханның əскеріне Сыр бойының, оңтүстік қазақтары қосылды, Кенесары əскерінің санын 20 мыңға жетті. Кенесарының табысы оның даңқын асырды, осыдан үрейленген патша үкіметі 1845 жылы онымен келіссөз жүргізу үшін генерал Долгов бастаған бір топ адамды жіберді. Кенесары оларды екі ай ұстап, Орынбор генерал-губернаторына бекініс-қамалдарды бұзып, зорлықты тоқтатуын патшадан талап еткен хат жазып, оларды аттандырып жіберді.

Бағынудан бас тартқан Кенесарының басына орыс патшасы 3 мың алтынрубль ақша тігеді, Кенесарының шабуылынан үрейленген және ақшаға қызыққан қырғыз манаптары Орман мен Чыжың қолға түсіріп өлтіру үшін оны алдап кездесуге шақырады. Кездесуге Кенасары әскерін ертпей, азғана сенімді жігіттерімен барады, өйткені ол «әскеріңді шұбыртпай өзің кел», деген Сыпатай батырдың сөзіне сеніп қалады, ал Сыпатай болса сарбаздарын алып қашып кетеді, сөйтіп Кенесары 1847 жылы мамыр айында қырғыздардың қолына түседі.

Кенесарыны найзаның ұшына іліп көкке көтеріп, оны мазақтап: «Қазақтың ханы, халің қалай?» – дегенде, Кенесары: «Әй, маңқа қырғыз, Қазақ ханының өлі денесі-де сендерден найза бойы биік тұр емес пе» – деген екен.

Қалай десек-те, қазақтың соңғы ханы жанын пида еткен Кенесары бастаған ұлт-азаттық күрес қазақ халқының тәуелсіздігімен Ұлы Дала мемлекетінің негізін қалады.

Әлемге әйгілі адамдардың Кенесарыға берген бағасы оның ұлылығының тағы бір дәлелі іспеттес:

Аты әлемге әйгілі орыстың еуразияшыл ғалымы Л. Н. Гумилевтің пікірі бойынша: «Кенесарыең жалынды, жігерлі, қайсар және аса көрнекті – ол өз халқына сүйікті, көрші елдерге сыйлы, ал жауларына құрметті тұлға. Кенесарымен күрескен патшалық Ресейдің шенеуніктері және жоғары лауазымды әскери адамдарының өздері Кенесарыны «Қырғыз даласының Митридаты», «Қырғыздың ұлттық батыры», «Даланың батыры», «Ұлы батыр» деген, т.с.с. теңеулермен дәріптеген.

Ағылшындық зерттеуші Томас Аткинсон: «Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады. Найза мен айбалтаны тамаша игерген, шапшаңдығына көз ілеспейтін Кенесары жігіттері өзінен күші басым жаудан қаймықпай соғысып, жеңіп шыға беретінін естігенім бар. Егер білікті офицерлері болса, қазақтар əлемдегі ең əйгілі атты əскер құрар еді. Оларға тарихта даңқы асқан Шыңғыс хан жиһангерлерінің керемет қасиеттерінің бəрі тəн», – деген баға берсе.

Кезінде ресейлік генералдарКене ханның ғаламат қолбасшы екенін еріксіз мойындап, лекциялар оқып, Кенесары əскерлерінің таңғажайып қимылдары туралы əсерлерін сол кезде батыс елдеріне кең тараған «Вестник Европы», «Современник», «Эхо», «Родина» сияқты журналдарға жариялап отырған. Француздың əйгілі жазушысы Жюль Верн осы деректерді молынан пайдаланып, «Патша шабарманы» деп аталатын роман жазған.

КЕНЕСАРЫ

ПОСЛЕДНИЙ ХАН КАЗАХСКОГО НАРОДА, КОТОРЫЙ СОЗДАЛ ОСНОВЫ НЕЗАВИСИМОСТИ И ВОЗРОЖДЕНИЯ ГОСУДАРСТВА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Согласно данным ученых исследователей Россия и Китай, преследуя свои коварные имперские цели подготовили, вооружили и натравили джунгар на казахов. Более вековая ожостеченная война с самой сильной державой Средней Азии того периода Джунгарией (1643 – 1756 гг.) привела к ослаблению казахского государства. Воспользуясь этой ситуацией Россия начала захват казахских земель и строить военные крепости, и в ответ казахский народ поднялся на востание против колониальной политики царской России.

Как известно из истории в XVIII – XX веках усилилось национально-освободительное движение казахского народа против колониальной политики Российской империи. В этот период казахи более 380 раз поднялись на восстание против колонизаторов. Самыми значительными и грозными являются восстания под предводительством: Срыма Датова (1782 – 1797), Тленши Жоламанова (1822 – 1824),Исатай-Махамбета (1836 – 1837), Амангелды Иманова (1916 – 1919) и Декабрьское восстание 1986 года. Все они заложили основу суверенитета, независимости и национальной государственности сегодняшнего дня.

Безусловно в казахской истории самым важным и значительным из них является национально-освободительное движение под предводительством хана Кенасары, которое преследовала цель создания независимого государства. Это было самое ожесточенное, кровопролитное и героическое выступление казахского народа за свою свободу и независимость. Кенесары хану удалось временно обьединить разрозненные на Жузы народ и восстановить казахское государство. И, таким образом, еще раз показали всему миру высокий Дух сыновей Великой Степи – потомков известных всему миру, легендарных полководцев Аттилы и Шынасхана.

Последний хан Казахского ханства внук Абылай хана торе Кенесары родился в семье правителей веками правившие Великой Сепью. Происходит от старшего сына Шынасхана Жошы: Шынасхан – Жошы хан – Абылай хан (Абилмансур) – Касым хан – Кенесары.

С целью восстановления казахского государства и сохранения независимости Кенесары, прежде чем, идти на войну с Российской империей он предпринял меры решения проблемы дипломатическим путем и отправил письменные предложения о мирном прекращении строительства военных крепостей: царью России Николаю І-му, генерал-губернаторам Оренбурга, Сибири. Конечно, как дальневидный политик и разумный полководец он понимал военное превосходство Российской империи. В связи с этим Кенесары, тщательно готовился к войне с сильным противником. С этой целью он пригласил иностранных мастеров и начал производство пушек и другого оружия, обьединил всех казахов и собрал огромное войско из трех Жузов.

Кенесары удалось обьединить вокруг себя самых преданных советников и батыров, активных, авторитетных борцов против колониализма. Непрерывная и планомерная борьба против колонизаторов началалась с весны 1838 года. 26 мая 1838 года ополчение Кенесары-Наурызбая разгромив военный горнизон сожгли Акмолинскую крепость.

После разгрома военной крепости Акмолы в1838 –1839 годы он перешел на партизанскую борьбу, осуществлял систематическое нападение на: военные крепости, приказы, разъезды, в которых уничтожал запасы продуктов, сена и фуража, также пути сообщения.

В сентябре 1841 года казахи трех Жузов избрали Кенесары своим ханом. Восстановление Казахского ханства очень встревожило царское правительство

После избрания ханом Кенесары начал процесс создания централизованного государства для усиления национально-освободительного движения. Для этого он создал высший совещательный орган из султанов, биев и батыров, а управление ханством осуществлял посредством жасаулов. Жасауылы занимались хозяйственными, налоговыми, правовыми, дипломатическими и военными делами. В период правления Кенасары был образован и установлен: государственное строительство; высший совещательный орган; дипломатическая служба; созданы условия для земледелия; налажена торговля; порядок налогооблажения; прекращены земельные и родовые распри; созданы боеспособное войско и разведовательная служба.

Осенью 1841 года Кенесары хан покорил Акмешит, Жанакорган, Жулек и Созак, где были расположены значительные силы кокандцев.

В 1844 – 1845 годы с присоединением казахов района Сырдарьи и южных регионов к войскам хана национально-освободительное движение усилилось. Под свое знамя Кенасары хан собрал 20-ти тысячное войско. С успехами Кенесары возвеличилась слава о нем, которая напугало царьское правительство и оно в 1845 году отправило на переговоры с ним делегацию во главе генералом Долговым. После двух месячного удерживания Кенесары их отправил письмом к царью с требованиями о ликвидации военных крепостей и прекращении насилия против казахов.

После отказа Кенесары о прекращении военных действий за голову хана была назначена баснословная сумма того времени в 3 тысячи золотых рублей. Озарившись на эту награду и опасаясь нападений киргизские манапы орман и чыжын обманом заманили его на встречу.

В мае 1847 года по совету сыпатай батыра, который впоследствии убежал с ополчением, Кенасары хан поехал на встречу с киргизами с горсткой самых верных ему воинов и попадает в ловушку, которые вероломно убивают его.

Но национально-освободительное движение под предводительством последнего хана Кенесары и его смерть не была напрасной она заложила основы независимости казахского народа и возрождения государства Великой Степи.

О заслугах и величии Кенасары хана свидетельствуют мнения самых известных в мире людей.

По мнению известного русского ученого-евразийца Л. Н. Гумилева: «Самой выдающейся (пассионарной) личностью был именно он, любимый подданными, почитаемый соседними государствами, уважаемый противниками Кенесары. Царские чиновники и военные, которые по долгу службы или работы должны были противостоять ему и бороться с ним, весьма искренне одаривали его такими восторженными эпитетами, как «Храбрый донельзя», «Митридат киргизской степи», «Мятежный султан», «Храбрый правитель», «Национальный киргизский герой», «Всесокрущающий степной ураган», «Великий батыр», «Степной батыр» и т.д.

Как писал британский исследователь середины XIX века Т. Аткинсон: «Кенесары готовил из киргизов прекрасных бойцов. Многие говорили мне, что именно необычайная ловкость в обращении с копьем и боевым топором позволяла джигитам Кенесары столь успешно воевать с превосходящими силами противника. Имея хороших офицеров, киргизы могли бы составить лучшую кавалерию в мире!»

В свое время российские генералы признавали хана Кене великим полководцем и читали лекций о нем, в которых делились своими впечетлениями о его невероятной военной стратегии и тактике в периодических изданиях как: «Вестник Европы», «Современник», «Эхо», «Родина», которые широко распространялись на Западе. Знаменитый писатель Франции Жюль Верн на основе этих фактов написал роман «Курьер царя».

-1
2
774

Еще по теме