"Казцинк" ЖШС-на ШҚО-дағы Үлбі өзенін ластағаны үшін айыппұл салынды
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша "Казцинк" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды. Бұл туралы еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті хабарлады.

Жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті.
Сондай-ақ, тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды.
Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша "Казцинк" ЖШС-не 50 млн.теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.