Перейти к содержимому
Обложка сообщества Культура

Қанапия Телжанов туралы не білеміз?

Қанапия Телжанов туралы картиналарынан білеміз, ал, оның қилы тағдыры жөнінде не айтуға болады?

Сонымен, Қанапия (Мұхамедханафия) Телжанов кім?

Атасы Телжан көкірегі ояу, ескіші де жаңаша оқыған, орысша-арабша сауатты кісі екен. 1923-1924 жылдары Көкшетаудан он сегіз шақырым жердегі Қызылту ауылынан арнаулы төрт жылдық мектеп ашуға мұрындық болыпты. Яғни, Қанапияның тегі мықты болып тұр ғой.

Ал, Қанапия Телжановтың өзі белгілі қазақ қайраткері Темірболат Мұхаметжанұлы Телжановтың баласы. Темірболат Мұхаметжанұлы 1898 жылы Омбы қаласында туып, қаладағы жастар қозғалысына қатысады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жастарға бас-көз болады. Телжанов Омбының Техникалық училищесінде білім алған қазақ балалары М.Косшубаев пен С.Сәрсенбаевқа көмек көрсеткен екен.

Смағұл Сәдуақасов, Ғаббат Тоғжановтармен бірге Сібір бюросында қызмет атқарып, «Кедей сөзі» газетінде редактор болады. Газет жұмысына Мағжан Жұмабаевты тартады. Телжанов Қазақстан мен Сібірдің шекарасын межелеуге қатысады. Ақмолада қызмет істеп, Орынборда шығарылған «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетін ұйымдастырушылардың бірі болады. Орынбор мәслихатының мүшесі ретінде де көп жұмыс істейді. Темірболат Телжанов Ақмола уезіндегі ашаршылыққа қарсы күресте талмай еңбек етеді.

1924-1929 жылдары Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында Политехникалық институтта оқиды және Көркемөнер техникумында саяси экономикадан сабақ береді. 1931-1937 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтында доцент, Мәскеудегі Халық шаруашылығы институтында директордың көмекшісі, Марксизм-Ленинизм университеті директорының орынбасары болды. Ленинградта тұрған жылдары жергілікті қазақтар бірлестігінің Төрағасы ретінде Қазақстаннан оқуға келген жастардың пәтер жалдауын және оларға қаржылық көмек беруді шебер ұйымдастыра білді. Бұл ретте, Темірболат ұлы Қанапияның суретке икемі барын байқап, оны Өнер академиясының Жас дарындарға арналған өнер мектебіне береді. Алайда, оның өмірі кенеттен үзілді, Темірболат Телжановқа 1937 жылы 4 қарашада Алашорда Үкіметі жұмысына қатысқан деп айып тағылып, Ленинградта тұтқындалып, кейін атылады.

Сөйтіп, Қанапия Телжанов «халық жауының баласы» ретінде 10 жасында оқудан шығарылады. Қанапия Темірболатұлы 1927 жылы туған, жастайынын тағдырдың теперішін көреді. Әкесі Темірболаттан айырылған соң неміс фашистерінің қоршауында қалған Ленинградтағы анасы Жамалдан да көз жазып қалады. Жамал сонда бар болғаны 36 жаста еді, анасының өлімі туралы құжат Қанапияның қолына 1942 жылы тиеді. Ал, Қанапияның өзі Киров облысының Колково ауылына көшірілген болатын. Әкесін Қызыл Үкімет атып, шешесін фашистер өлтірген Қанапия тағдырдың теперішін ерте көріп, тұл жетім қалады.

Осы қайғыры оқиғалардан соң ол атамекені Қазақстанға, дәлірек айтсақ Алматыға көшіп келеді.

Алматы көркемсурет учелищесін тәмамдайды, содан кейін Ленинградтағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтының кескіндеме факультетін бітіреді. Одан кейінгі өмірі Қазақстанмен тығыз байланысты болды. Ұстаздық етті, Қазақстан Суретшілер Одағы Басқармасының Төрағасы болды. Алматы көркемсурет галареясының директоры қызметін атқарды, одан соң Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында педагогикалық қызмет істеді.

1981 жылы професстор атағы беріліп, 6 және 7 сайланған ҚазКСР Жоғары Кеңестің депутаты болды.

Картиналарында жеке басқа табынушылықты айыптады, ұлттық тақырыптарды да көтерді. «Жамал» атты картинасын анасына арнады. Картинада анаға деген сағынышты көруге болады. Меніңше, әрине, Кеңес Одағының заманы талабына сай Телжанов төңкеріс тақырыбындағы монументті полотноларды салды, дегенмен, оның суреттерінен нәзік лиризмді де көреміз. Кариналарында ұлтымыздың тұрмысы да әсерлі бейнеленген. Суреттерінен әділдік, теңдік тақырыбы байқалады.

Шынымды айтсам Қанапия Телжановтың мықты шығармашылық адамы ғана емес, тоталитарлық жүйе құрбаны екенін білмеппін.

#Қанапия Телжанов

#Ашаршылық ақиқаты

#Amandyq Amirkhamzin

0
0
6969
Баннер сообщества Культура

Еще по теме

Қанапия Телжанов туралы не білеміз? - Yvision.kz