Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Күз.

Сары ала тонын сүйреп, қара жерде жапырақтарды қудалап, бейне бір көбелектердің шеруіндей ойнақтап күз қайтып бара жатты. Сақалын сапситқан тұман шал далалықта, қала саябақтарында, таулардың басында төре болып жатты. Ауылдарда қысқа соңғы дайындықты пысықтап, қора қопсылар жөнделіп, үйілген шөптен пішенқоралар жаңа малақайлармен мақтанып тұрғандай. Көп кешікпей соғым сойылып, безмендердің жұмысы қайнайды. Буаз көк биелердей аспанда әрі бері бұлттар көшіп, кейбір жерлерде қарда жауып үлгерді. Соңғы қараша қаздар қиқуын қосып ұзақ сапарға аттанып, аспанда көзге көрінбес нүктелердей ұшып бара жатты. Мұңды күз өз нүкерлерін, жел мен жаңбырды жіберіп, барлық теректерден жапырақтарды түсіртіп, өз тағын қысқа бергелі жатыр. Көп кешікпей, өзендердің бетін мұз да қысады, сол мұз көктемге дейін жатады...

0
0
148

Еще по теме

Күз. - Yvision.kz