Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

К А Н Ы Ш С А Т П А Е В

Ұ Л Ы Д А Л А Н Ы Ң Ұ Л Ы П Е Р З Е Н Т І

Қ А Н Ы Ш С Ә Т П А Е В

Қаныш Сәтбаев аса көрнекті ғалым-геолог, тұңғыш қазақ: СССР және Қазақ ССР Ғылым академиясының Академигі, Лениндік және мемлекеттік силықтарының лауреаты, кәсіби тау-кен инженері, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш Президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мұса Шорман ауылында (Айрық) дүниеге келген. Негізі азан шақырып қойған аты Ғабдул-Ғани, анасы еркелетіп Ғани, Ғаныш деп атаған, содан баланы барлығы Қаныш деп атап кеткен.

Сәтбаев ауыл молдасынан араб, парсы тілдерінде сауатын ашады. Мұнан кейінгі екі жыл көлемінде ол уездегі алғашқы қазақ-орыс мектебінде білім алады.

1911 жылы Қаныш Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне алынып үш жыл ішінде төртжылдық бағдарламаны меңгеріп алып, артынша Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. Денсаулығы сыр бере бастағандықтан, диплом алу үшін емтиханды экстернмен тапсырып содан кейін Томск технологиялық институтына түсуге дайындалады. Міне, осы кезде Қаныш Сәтбаев қазақ мектептеріне арнап алғашқы алгебра оқулығын жасай бастап, оны 1954 жылы бітіреді.

1921 жылдың басында Қаныш халық сотындағы қызметін тастап, Томскідегі техникалық институтқа түседі. 1922 жылы оның дерті қайта қозып ауылына оралуына мәжбүр болады. Бірақ Қаныш оқуын тоқтатпай, институт курстарын үйінде өз бетімен өтіп жоғарғы оқу орнына сәтті аяқтайды.

1927 жылы жас маман, инженер-кенші Қаныш Сәтбаев жергілікті кәсіби кадрлардың жоқтығына, қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қарамастан, ағылшын концессионерлерінен мұраға қалған ғылыми-зерттеу жабдықтарымен өзінің кәсіби қызметін Қарсақбай мыс кенішінде бастайды. 3 жылдан кейін 1930 жылдың басында оның тобымен ашылған шашыраңқы мыс кенорындары – үлкен Жезқазған кенорны қоры 2 млн, тонна мыстан кем емес әлемдегі ең ірі кенорындардың бірі екендігі ғылыми дәлелденеді.

Бұл көрсеткіштің өзі сондағы зерттелген қорлардың саны бойынша Жезқазғанды Совет Одағында бірінші орынға шығарады. Бұл әлемдегі мыс кенорындарының ең ірісі болып табылатын Орталық Африкадағы Солтүстік Родезияға пара-пар еді. Сәтбаев өзінің мақаласында: – «Алайда Жезқазған мүмкіншіліктері бұл көрсеткіштермен ғана шектеліп қалмайды, оның әлеуетті мүмкіндіктері өте зор ол жалғыз нысан болып табылмайды. Жезқазған аймағының аумағында жеткілікті ірі темір, темір-марганец кендері бар, олар үлкен көлемде кен өндіруге мүмкіндік береді», деп көрсетеді.

Қаныштың бұл ашқан жаңалығы Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында Совет Одағының құрыш құю өндірісінің дамуына негіз салды. Немістердің сұрапыл снарядтарына төтеп берген Совет танкілерінің қалқаны (броня) осы құрыштан құйылды.

Сондай-ақ, Кенді Алтай кенорны бойынша ғылыми тұжырымдар мен зерттеулерді басшылыққа ала отырып, Сәтбаев Шығыс Қазақстан үшін түсті металдар кендерін кешенді пайдалану бойынша зерттеулерін қорытындылады. Бұл ғылыми жаңалық ғалымның «Түсті металдар кенін кешенді пайдалану бойынша Қазақстан Ғылым академиясының зерттеулері» атты мақаласында берілген.

Қаныш Сәтбаевтың Қазақ Елі мен халқының алдындағы басты еңбегі – геологиялық зерттеулердің дамуына қосқан зор үлесі. Оның тікелей басшылығымен елімізде ірі мыс, темір және марганец кендерін өндіру жұмыстары басталғаны белгілі. Алайда ең бастысы – Қазақстанның аграрлы-ағартушылықтан сапалы индустриалды-ғылыми интеллектуалды елге айналуына ғалымның қосқан еңбегі. Академиктің баға жетпес үлесі – ғылыми мәдениет пен ғылымда методологиялық әдістерді орнатуы. Бұлар – Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің қазіргі буыны мен ғылымға қызығатын жастар үшін жүйеленген зерттеу жұмысының үлгісі іспеттес.

Жезқазғанның дамуын қаржыландырудан бастап – мыс қорыту комбинатын, су қоймасы мен теміржол салу, елімізде бүгінде Политех атымен белгілі (қазіргі Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) алғашқы техникалық жоғары оқу орны 1934 жылы Қазақ Тау-кен металлургия институтын құруға алғы шарт болды. Құрылған институт өзіміздің кәсіби кадрлардың, сонымен қатар еліміздің дамып келе жатқан тау-кен металлургия және геологиялық кәсіпорындарының ұстаханасына айналды.

ҚазТМИ-де 85 жыл бұрын негізі қаланған жоғарғы буын инженер кадрларын кәсіби даярлаудың бұл саласы еліміздің жоғары білікті кәсіби маманға деген қажеттілігін қамтамасыз етті және алғашқы қазақ ғылыми кадрларын қалыптастырудың негізгі іргетасы болды. Ғалымның бірізді қадамдары 1940 жылы Геологиялық ғылымдар институты негізінде тұңғыш қазақтың ғылыми орталығын құруға, ғылымның академиялық филиалын құруға арналған аралас салаларға таратуға және 1946 жылы алғашқы Қазақ ұлттық ғылым академиясын негізін салуға мүмкіндік берді.

Қазақтың көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Сәтбаевтың Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесі зор. Мәселен, Қарағандыда металлургиялық зауыттың өмірге келуі, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін игеру, және Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Совет және Қазақ ғылымның дамуына қосқан ерен еңбегі үшін ол көптеген мемлекеттік сыйлықтармен және Ленин орденімен 4-рет марапатталды.

Өзінің ғылыми қызметімен – «барлығынан күмәндан және тек фактіге ғана жүгін» деген ұстанымымен, ғылыми және академиялық пікірталас пен талқылау жүргізе алу, ғылыми материалды жинақтау мен талдау жасай алу өнерімен академик Қ. Сәтбаев және оның ғылыми пікірлестері қазақстандық ғылымныңқазіргі таңда да өзекті болып отырған тұрақты стандартын жасап кетті.

Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республикамыздың ғылыми тұрғыда дәлелді шешімдерін тұжырымдауға, ел экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер ашты. Ғылым орталығы жаңадан ашылған кезде оның құрамында минералдық ресурстар, физика-математика, биология және медицина ғылымдарысондай-ақ, қоғамдық ғылыми-зерттеу бөлімдері болды. Аталмыш, бөлімдердің құрамында ғылыми зерттеу институттары мен секторлар жұмыс істеді.

Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан кейін дербес ғылым салаларында зерттеу институттарының ашылуы етек ала бастады. Қоғамдық және жаратылыстану ғылым салаларында көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының ашылуы, олардың дамуына үлкен септігін тигізді. Институттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары әрі қарай ауыл, халық шаруашылығын дамытуға ықпалын тигізді.

Заман талабына сай Қазақ КСР Ғылым академиясының ашқан жаңалықтары мен табысы Қазақстандағы ғылымның дамуына орасан зор ықпал етті. Сонымен қатар негізгі қаржының жартысынан көбі ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде қара және түсті металлургияны, химия мен отын өнеркәсіптерін, энергетиканыжедел дамытуға бағытталды.

Қаныш Имантайұлы Сатпаев қазақ ғылымының жанашыры болды. Ол Ғылым академиясының басшылығында болған кезінде ғылымға байланысты әр саланы мұқият қарап, оны орындалуын қадағалап отырды. Мысалы, 1950 жылы Қазақстан КПОК хатшысы Ж. Шаяхметовке хат жазып «Абай Құнанбаевты мәңгілік есте қалдыру» туралы Ұлы ақынның өлгеніне 50 жыл толуына байланысты Абайдың кітаптары сұраныста екенін, қалған шығармаларын да шығару керектігін айтып, еске алушараларын өткізуді күн тәртібіне кіргізу керектігін дәлелдеп, оны іске асырды. Бұл өз елінің тұлғаларын дәріптеп, олардың еңбегін елге таныстыру ісіндегі ғалымның атқарған көптеген қызметтерінің бірі ғана еді. Осындай ұлт үшін істеген көптеген игі істері соның ішінде Алашордашыларды қорғағаны үшін Совет Одағы компартиясы ОК Қанышқа ұлтшыл деген айп тағып оны қудалап, Қазақстан Ғылым академиясының Президенті қызметінен босатты.

Қаныш Сәтбаевтың ұлылығы ең алдымен еліміздің интеллектуалды, ғылыми дамуына бағыт беруінде, қазақстандық қоғамды ағартушылықтан интеллектуалды ғылыми және кәсіби деңгейге көтеруінде. Оның басшылығымен жасалған қадамдар еліміздің бүгінгі инновациялық және ғылыми әлеуетінің іргетасын қалады. Оның ғылыми түйсігі, жекелеген ғылыми фактілерден қорытынды-талдау жасауы ғалымның Ұлы тұлға екенінің тағы бір бұлтартпас дәлелі.

К А Н Ы Ш С А Т П А Е В

В Е Л И К И Й С Ы Н В Е Л И К О Й С Т Е П И

Каныш Сатпаев выдающийся ученый-геолог, первый казах: академик АН СССР, президент и основатель Академии наук Казахстана, директор Института геологии АН Каз ССР, профессиональный горно-рудный инженер, и первый в Казахстане лауреат Государственной и Ленинской премий – основатель науки Казахстана, также государственный и общественный деятель.

Каныш Имантаевич Сатпаев родился 12 апреля 1899 года в ауыле Муса Шорман (Айрык) Баянауылского района Павлодарской области. Настоящее его имя Габдул-Гани в детстве мама ласково прозвала его Гани, Ганыш после которого все прозвали его Канышем.

Сатпаев первоначальное образование получил у ауылного муллы, на арабском, персидском языках. После которого он оканчивает уездную двух-годичную казахско-русскую школу.

В 1911 году Каныш преодолев за три года четырех-годичную программу русско-казахского училища поступает в Семипалатинскую семинарию учителей. В связи со здоровьем он сдав преддипломные экзамены экстерном готовится к поступлению в Томский технологический институт. Вот тогда Каныш Сатпаев начинает составлением первого школьного учебника алгебры на казахском языке, которого завершает 1954 году.

В нчале 1921 года Каныш оставляет работу в народном суде, в связи с поступлением в Томский технологический институт. 1922 году, в связи с обострением болезни он возвращается в родной ауыл, но он не прекращает учебу, а дома самостоятельно изучает программу института и успешно его заканчивает.

Свою профессиональную деятельность молодой инженер-геолог Каныш Сатпаев начинает в 1927 году на Карсакпайском медном разрезе при отсутствии местных профессиональных кадров, недостатке финансирования и на оставшемся в наследство от английских концессионеров оборудовании. Через 3 года, к началу 1930-го научно подтверждается факт, что несколько открытых его группой разрозненных медных месторождений являются одним большим Жезказганским месторождением меди, крупнейшим в мире, с запасами не менее 2 млн тонн.

По количеству разведанных запасов меди Жезказганское месторождение был на первом месте в СССР. Сатпаев в своей статье указал: «Потенциальные возможности Жезказгана колоссально велики и, пожалуй, могут быть приравнены к месторождениям меди в Центральной Африке, а именно: в Северной Родезии, являющимся к настоящему времени наиболее крупными месторождениями меди в мире». Далее учёный приводит аналитическое обобщение: «Большой Жезказган не является единственным объектом, в пределах Жезказганского региона имеются достаточно крупные запасы железных, железно-марганцевых руд, позволяющих намечать добычу этих руд в крупных масштабах».

Это крупное научное открытие Каныша сыграло ключевую роль в развитии сталелитейной промышленности Советского Союза в годы второй мировой войны. Прочная непробиваемая стальная бронясоветских танков, были слиты из этой стали.

Каныш Сатпаев в своей работе «Исследования Академии наук Казахстана по комплексному использованию руд цветных металлов» обобщил исследования по комплексному использованию руд цветных металлов для Восточного Казахстана.

Очевиден тот факт, что главная заслуга Сатпаева как учёного заключается в его колоссальном вкладе в развитие геологических исследований в Казахстане. Хорошо известно, что под его непосредственным руководством начались разработки крупнейших медных, железных и марганцевыхзалежей. Но важнее всего его роль в качественном перевоплощении Казахстана из аграрной в индустриально-научно-интеллектуальнуюстрану. Неоценим вклад академика Каныша Сатпаева и во внедрение научной культуры и методологических подходов в сфере науке, которые являются примером для систематизированной исследовательской работы нынешних поколений научных работников Казахстана и молодёжи, интересующейся наукой.

С началом финансирования развития Жезказгана – строительства медеплавильного комбината, водохранилища и прокладки железной дороги – возникли предпосылки для создания в стране в 1934 году первого высшего технического учебного заведения – Казахского горно-металлургического института (КазГМИ), больше известного в стране как Политех (ныне Казахский национальный исследовательский технический университет им К. Сатпаева). Созданный институт стал кузницей собственных профессиональных кадров, в том числе для растущей горно-металлургической и геологической промышленности страны.

Этот вектор профессиональной подготовки инженерных кадров высшего звена, заложенный 85 лет назад в КазГМИ, обеспечил потребности республики в профессионалах и стал остовом формирования первых казахских научных кадров. Последовательность К. Сатпаева в формировании инженерно-интеллектуальнойи научной элиты горно-металлургического сектора страны – яркое свидетельство его организаторских качеств и научного предвидения. Шаги в этом направлении позволили создать в 1940 году первый казахский научный центр на базе Института геологических наук. Позднее с вовлечением смежных областей науки на базе академического филиала АН СССР была создана в 1946 году Казахская Национальная Академия наук.

Неоценимы заслуги выдающегося ученного Каныша Сатпаева для становления и развития науки и промышленности Казахстана. Это строительство Карагандинского металлургического завода, открытие и освоение залежей маргенца и железных руд Алтая, Костаная, фосфорных руд Каратау, строительство канала Иртыш-Караганда, а также открытие многих научно-исследовательских институтов и многое другое.

За огромные заслуги в развитие советской и Казахской науки Каныш Имантаевич Сатпаев был удостоен многих государственных наград в том числе 4-ех орденов Ленина.

На примере своей научной деятельности, организованной на принципе «сомневайся во всем и доверяй только фактам», благодаря искусству научной и академической полемики и обсуждения, синтезу и анализу научного материала, академик Каныш Сатпаев и его научные единомышленники на десятилетия вперед установили твёрдый стандарт качества казахстанской науки, который актуален и по сей день.

Создание Академии наук КазССР открыло большие возможности для развития экономики, культуры и науки. В составе вновь созданного научного центра были отделения биологии, медицины, минеральных ресурсов, физики-математики, а также общественные научно-исследовательские отделы, которые состояли из научно-исследовательских институтов и секторов.

После создания Академии наук Каз ССР началось массовое открытие исследовательских институтов в народном хозяйстве появились множество научных центров в отраслях общественных и естественных наук которые оказали содействие их развитию. Научно-исследовательские институты в свою очередь способствовали развитию сельского и народного хозяйства.

Своевременные научные открытия и успехи Академии наук Каз ССР оказали огромное влияние для развития науки Казахстана. Также более половины финансирования были направлены для скорого развития тяжелой промышленности в том числе черной и цветной металлурги, химической и топливной промышленности, также энергетики.

Каныш Имантаевич Сатпаев был яростным сторонником казахстанской науки. В период руководства он очень внимательно следил за развитием науки и других отраслей. К примеру, 1950 году обратился к первому секретарю ЦК КП Казахстана Ж. Шаяхметову с письмом «Об увековечании Абая Кунанбаева» в связи с 50 летием смерти Великого поэта об издании его произведений и книг, которые имеют большой спрос и об включении в повестку дня меры по воспоминанию поэта. Это было только маленькой частью его множества дел по почитанию и ознакомлению трудов великих людей с народом. За большие заслуги перед казахским народом и защиту Алашординцев ЦК КПСС объявил Сатпаева националистом, устроил гонения и освободил его от должности Президента Академии наук Каз ССР.

Величие академика Каныша Сатпаева заключается в его высокой эрудиции, владеющего энциклопедическими знаниями во многих областях науки в результате его высоко интеллектуального, научного тренда развития Казахстан превратился в научно-интеллектуальное и профессиональное общество. Именно благодаря заслугам великого учёного был заложен фундамент сегодняшнего инновационного и научного потенциала. Научное чутье Сатпаева, его способность из разрозненных фактов делать аналитическое заключение является еще одним подтверждением величия академика Каныша Имантаевича Сатпаева.

0
0
502

Еще по теме

К А Н Ы Ш С А Т П А Е В - Yvision.kz