Перейти к содержимому
Обложка сообщества Книги

Ілияс Есенберлин «Қаһар»

«Қаһар» романы – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының үшінші кітабы. Бұл Кенесары ханның 1837-1847 жылдары арасындағы Ресей империясының қазақ жерінің отаршылығына қарсы күресі туралы роман. Автор Кенесары ханның бейнесін,оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер суреттеп берген.Шығармада басқа да ұлы қайраткерлер, тұлғалар туралы айтылады.

Шығарманың авторыІлияс Есенберлин 10 қаңтар 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ таукен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ата – анадан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленген. Жазушының алты романнан тұратын «Көшпенділер», «Алтын Орда» триллогиялары – қазақ халқының 700 жылдық тарихын бейнелеген.

0
0
883

Еще по теме