Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР ШТАБПЕН ТАНЫСТЫ!!!

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына орай, Алматы, Астана қалаларымен бірге, барлық облыстарға келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократия институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросының байқаушылары Атырау аймағында да іске кірісті. Күні кеше аталған бюроның Атыраудағы байқаушылары Каха Инаишвили мен Александра Фон Аркстар Қазақстан коммунистік халықтық партиясының Атырау облыстық комитетінің сайлауалды штабына арнайы келіп, штабтың жұмысымен танысты.
Штабтың сайлауалды жұмыстары, партияның сайлауалды платформасы, елдегі сайлау туралы заңның демократияға жауап беру деңгейі, сайлау комиссиясының жұмысы туралы сауалдар қойған халықаралық байқаушылармен жергілікті комитет хатшысы Жәукен Көшенов, комитет заңгері Жұмажан Үмбетжановтар пікірлесті.
Халықаралық байқаушыларды ең алдымен штабтың сайлауалды дайындық жұмыстары қызықтырды. «Сайлау барысында партия тарапынан байқаушылар қатыса ма? Дайындық барысы қалай?» деген сауалдарға жергілікті комитет хатшысы Жәукен Көшенов сайлауалды үгіт жұмыстарының 16 желтоқсанда басталғандығын, сайлау барысында партия тарапынан бақылаушылардың міндетті түрде қатысатындығын, дейтұрғанмен орталықтан шалғай жатқан елдімекендерде бақылаушылар санының аздық ететіндігін айтты.
Байқаушыларды сондай-ақ, штабтың қаржыландырылу жолы, Қазақстан халықтық коммунистік партиясының Қазақстан коммунистік партиясынан айырмашылығы, коммунистердің елдегі сайлау туралы заң жөніндегі пікірлері де қызықтырды.
Бұл орайда Жәукен Көшенов Қазақстан халықтық коммунистік партиясының буржуазиялық мағынасы жоқ екендігін, саясаттан бұрын мансапты ойламайтындығын айтты. Сондай-ақ, ол қазақ елінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, Парламент сайлауының әділетті өтуіне ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

0
0
346

Еще по теме