ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті жамағат! Рамазан айында қуанышты жаңалығымызбен бөліскіміз келеді. Астана қаласы тұрғындарының цифрлық сауаттылығын дамыту мақсатында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша 1 маусым және 31 шілде аралығында өтетін оқыту үрдісіне сіздерді шақырамыз.
Оқыту курсының бағдарламасы:
1. «Негізгі цифрлық дағдылар» курсы (тәжірибелік сабақпен қоса есептегенде 4-8 сағат)
2. «Ашық үкімет» курсы (3-4 сағат)
3. « Электронды үкімет және электронды мемлекеттік қызметтер» (тәжірибелік сабақпен қоса 4-5 сағат)
4. «Электронды сауда» курсы (тәжірибелік сабақпен қоса 2-3 сағат)
Цифрлық сауаттылықты дамыту арқылы сіз:
- Үйде отырып, онлайн режим арқылысауда-саттықпен, оның ішінде киім-кешек, әшекейлерді, тұрмыстық заттарды және үй тағамдары мен кондитерлік өнімдерді сатудың тиімді жолдарын игересіздер;
- Үйде отырып мемлекеттік қызметтер, оның ішінде Жергілікті органдардан қажетті мәліметтеріңіз бен құжаттарыңызды қабылдай аласыздар;
- Деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен сақтау және Мемлекеттік органдардың қажетті ашық деректерін табуға, осы дағдыларды жұмыс барысында қолдануға үйренесіздер.
Цифрлық сауаттылықты оқыту курсы қала мектептері, колледждер және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында 6-74 жас аралығындағы қала тұрғындарына өткізіледі.
Байланыс нөмірлері (курсқа жазылу үшін): 55-68-83, 55-68-73 немесе 109
Источник: religii.kz
КГУ "Центр исследования проблем религий акимата города Астаны"
Контакты: 8 7172 55 04 42
Телефон доверия: 2288
Web сайт: www.religii.kz
Instagram: cipr_astana
