Готова ли страна к повсеместному переходу на цифровые инструменты?
Всё пройдёт, но мир уже не будет, как прежде!
В понедельник приступаю к обязанностям Советника по цифровизации и инновационным технологиям Президента - К.К.Токаева.
Интересно, что мое назначение совпало с первыми случаями выявления инфицированных короновирусом в нашей стране.
Увидев, как супруга в соседней комнате, как и я, провела с утра несколько видео-встреч через Zoom, дети заказали еду через Chocofood Kz, мама продукты через Астыкжан - понял одно, мир уже не будет прежним
Удивило, что сын делал уроки по русскому языку на Учи.ру. На вопрос сколько времени ваш учитель использует этот ресурс, он ответил: «давно!».
Коронакризис нас очень сильно подталкивает к образу жизни в онлайне и в целом к цифровому складу экономики.
Президент, как чувствовал, совсем недавно провёл совещание и раздал много поручений по данной тематике, начиная от наличия интернета в сёлах, исключения бумаги при стандартном документообороте, поддержки стартапов и использования таких технологий как IoT, blockchain, AI, ML для повышения эффективности гос. управления и экономики. ⠀ А теперь вопрос?! Готова ли страна к повсеместному переходу на цифровые инструменты? Учитывая, что есть такие люди, как учитель сына по русскому языку, скажу готовы те, кто осознавал, что цифровая реальность уже ЗДЕСЬ с нами!
Нам всем надо признать, что от цифры не убежать. И чем раньше мы воспримем эту реальность, тем быстрее перестроимся!
Однозначно работы ещё много, есть такие инфраструктурные проблемы, как наличие доступа к Интернету, или вопрос «как идентифицировать человека в цифровой реальности, ведь национальная цифровая биометрическая система ещё не введена», какой должна быть логистика для настоящей электронной коммерции?
НО надо отдавать отчёт, в том, что это не та работа, которая под силу какому-то одному министерству, или конкретному цифровому вице-министру, а мы ВСЕ вместе должны задуматься о перестройке к новой реальности.
Чем занять ребёнка, если он будет дома хотя бы 2 месяца? Цифровизация меняет подходы, но не должна быть во вред.
Чем занять их учителей? Ведь им надо платить зарплату, а как учитывать в таком случае проводят ли они уроки?
Как будут работать поликлиники и как быть их пациентам?
Как диагностировать болезни, если не рекомендуется выходить, да и люди привыкли ко многому онлайн?
Ведь из-за короновируса другие болезни не начали сдавать позиции (ОРВИ, ангины, отиты, гаймориты и т.д.)
А ещё серьезнее вопрос, что предложить людям, которых сокращают из-за уменьшения спроса в сфере услуг? Как им прокачивать навыки, чтобы зарабатывать онлайн? ⠀ Так вот, то чем мы восхищаемся «там» и надо внедрять у нас. Возможность переосмыслить и менять подходы. Вести к цифровой трансформации. В этом и будет моя помощь президенту! ⠀ PS всех благодарю за поздравления. С вами я справлюсь с поставленными передо мной задачами.

*** Бәрі өтеді де кетеді, бірақ әлемнің бұдан былай өзгерері анық! ⠀ Дүйсенбіден бастап мен Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне кірісемін. ⠀ Бір қызығы, менің тағайындалуым елімізде коронавирус дертіне шалдыққан алғашқы адамдардың анықталуымен сәйкес келді. ⠀ Таңертең Zoom арқылы көрші бөлмеде әйелім кездесу өткізіп жатқанын, балалардың Chocofood.kz-тен дайын асқа тапсырыс бергенін, анамның Астықжанның сайтынан азық-түлік сатып алғанын көріп, мен бұл әлемнің бұдан әрі өзгеретінін түсіндім! ⠀ Ұлымның Uchi.ru сайтында орыс тілінен сабақ оқып отырғанын көріп тағы да таң қалдым. Одан ұстазының қанша уақыттан бері осы ресурсты қолданатындығын сұрап едім, ол: «Ұзақ уақыт!», – деп жауап берді. ⠀ Коронакризис бізді өміріміздің біраз бөлігін онлайнға көшіріп, жалпы цифрлық экономика құрылысына қатты итермелейді. ⠀ Президент алдын ала білгендей жақында жиналыс өткізіп, ауылдарда Интернетке қол жетімділіктен бастап, стандартты құжат айналымындағы қағазды жою, стартаптарды қолдау және мемлекеттік басқару мен экономиканың тиімділігін арттыру үшін IoT, blockchain, AI, ML сияқты технологияларды қолдануға дейін көптеген тақырыптар бойынша тапсырмалар берді. ⠀ Енді бір сауал?! Еліміз цифрлық құралдарды кеңінен қолдануға дайын ба? Ұлымныі орыс тілінен сабақ беретін мұғалімі сияқты адамдардың бар екенін ескерсек, цифрлық заманның дәл қазір өтіп жатқанын түсінген адамдар дайын деп айта аламын. ⠀ Цифрланудан қашып кете алмайтындығымызды бәріміз мойындауымыз керек. Осы шындықты неғұрлым тезірек түсінсек, жаңа жолға жылдамырақ түсеміз! ⠀ Сөзсіз атқарар жұмысымыз әлі жетерлік, Интернетке қол жетімділік сияқты инфрақұрылым проблемалары немесе «цифрлық әлемде адамды қалай анықтауға болады, өйткені ұлттық цифрлық биометриялық жүйе әлі енгізілмеген», нақты электронды коммерция үшін логистика қандай болуы керек деген сияқты мәселелер. ⠀ Бірақ бұл жеке министрліктің немесе цифрлық вице-министрлердің емес, барлығымыз бірге жаңа әлемге бейімделу, өмірімізді соған сәйкес қайта құру туралы ойлануымыз керек. ⠀ Егер балалар 2 ай үйде отырып қалса немен шұғылданады? Цифрландыру тәсілдерді өзгертеді, бірақ зиянын тигізбеуі керек. ⠀ Олардың оқытушылары немен айналысады? Оларға жалақы төлеу керек қой, ал олардың сабақты өткізген өткізбегенін қалай анықтаймыз? ⠀ Емханалар қалай жұмыс істейді, емделушілер қалай болады? ⠀ Сыртқа шықпауға кеңес берілген жағдайда диагнозды қалай қояды, жалпы адамдар да көп қызметті онлайн алып үйреніп қалды. ⠀ Короновирус салдарынан басқа аурулар (ЖРВИ, тонзиллит, отит, синусит және т.б.) жоғала бастаған жоқ қой. ⠀ Қызмет көрсету саласындағы сұраныстың төмендеуіне байланысты жұмыстарынан қысқарған адамдарға не ұсынамыз деген тағы бір күрделі мәселе бар. Олар интернетте ақша табу дағдыларын қалай қалыптастырады? ⠀ «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген қазақтың мақалына сай, өзгеріп жатқан заманда біз де цифрлық трансформацияға жол тартуымыз қажет. Бүгінгі күннің жаңа талаптарына еліміздің сай болуын қамтамасыз етуде Президентімізге көмегімді тигіземін деп ойлаймын. ⠀ PS Жылы сөздеріңіз бен құттықтауларыңызға рақмет. Сіздермен бірге алдыма қойылған міндеттерді шешетініме сенімдімін.
Источник: Мусин Багдат
