Yvision.kz
kk
Культура
Культура
756 постов503 подписчика
Все о культуре и искусстве.
0
23:35, 17 апреля 2024

«Голконда, 1953» Рене Магриит

Қанық бояулармен салынған сурет суретшілердің айнасы іспеттес. Илююзияға, жұмбаққа толы болсын болмасын, бәрібір үңілетін, ақтаратын сыры бар. Мысалы, 1953 жылы салынған, қазіргі таңда Американың Техас штатында майлы бояуларды қолдана отырып жасалған сурет сақтаулы тұр.

Бұл жердегі басты көрініс ретінде ғимараттардың үсті-үстінен жаңбырша төгіліп бара жатқан ер адамдардың бейнесі. Ал ең ерекше болып тұрғаны – ер адамдардың киіну стилі. Дерек көздерге сүйенсек суретші бұл жердегі киім кию үлгісін өзінің өмірімен байлныстырған екен. Себебі, өзінің туып өскен қаласында осындай классикалық, шляпамен жүрген сәттері көп болған деп айтып кеткені бар екен. Бұл суретте, автор аудиторияға ауада қалықтап тұрған ер адамадардың қай бағытта ұшып бара жатқандығын немесе жаңбырша ағып бара жатқанын жұмбақ етіп көрсеткісі келген. Дегенмен, жоғары кеңістіктегі көк аспанға мән берсек, бұл жердегі адамдар жаңбыр сынды емес, қарапайым ғана ұзын-сонар тізбекпен, бір-біріне торды елестететін кейіпте қарап тұр. Ромб пішінен де аумайтын көрініс беріп тұрғандай...

Маргариит фондының бас қалаушысы Шарли Хершовичидің айтуы бойынша, суретішінің өзі осындай таңғажайып ерекше туындыларға әуес болған екен. Шарлидің пікірінше, Маргиит белгілі бір затты ойлаған кезде, бірден олай болмайтынын білген. Яғни, шынымен де, біз басымызға ең бірініші кезеңдерде керемет, қияли дүниелерді ойластырып, визуал жасап аламыз. Қорытындыға келгенде, дәл бастапқыда сезгендей әсер шықпай қалуы мүмкін...

Сонда дәл осы суреттің де берері осы... Біз бұл суретті әу-бастан өнер туындысы ретінде, қарап бұл жерден бір сыр іздеп, басымызды қатырып, ойымызға көп қиял беріп қоямыз. Тіпті суреттің авторының өзі «картинадағы адамдардың образы негізінде – адамдардыкы емес, тек олардың ешқандай да ереже тәуелсіз болу керек ой-қиялы» деген екен. Сонда түсінетін астарлы ой – бір-біріне ұқсас болса да, әр адам өзінің ойымен, ақылымен, стилімен дара. Расында, әр пенде дара, шынайы әрі ерекше. Қанша суреттегі адамдар ұқсағанмен, картина авторы оларға зер салып, әрқайсының әртүрлі екенін сипаттап, жеткізгісі келгенін айтады. Мұнымен қоса автор суреттің бір бөлігіне беті мұршамен тікелей жанасып тұрған Скутенердің бейнесін қойған екен. Себебі, бұл ауқымды картинаның атын да индиялық досы Луи Скутенер қойған екен.

Қорытындыласақ, картинадағы астарлы мәннің бәрі мен үшін адамның жеке-даралығын ұмытпау. Яғни, қазір бізде адмадар бәрі біріне-бірі ұқсайды деген алып-қашпа сөздер бар. Жоқ, еш адам ешкімге ұқсамайды. Әрине дене бітімімен, стилімен, жан-жақтылығымен ұқсауы мүмкін. Дегенмен, олардың рухани ойлауы, түрі, келбеті, сөйлеу мәнері әрқашан ерекше әрі тартымды. Барлық жанның ортасына жеке дара тұлғаларды шатыстырып, бөлектеу бұл жердегі мән емес екені анық...


Сабина ЖЕҢІСҚАНОВА,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,

Журналистика факультетінің 3-курс студенті

Жетекшісі: аға оқытушы Н.Б.Рушанова


0
148
0