ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның оқушылары үшін оқу жылы ерекше аяқталды. Өйткені, облыстық Полиция департаменті қызметкерлерінің бастамасымен Жастар жылы аясында Новоишим аудандық мәдениет үйінде нашақорлықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық бағдарлама аудан жастарына таныстырылды.
Мұғалімдер мен мектеп оқушылары бағдарламаның тұсаукесеріне зор жауапкершілікпен дайындалыпты. Барлық 18 ауылдық округ пен аудан орталығының оқушылары алдын ала қолдан өз бұйымдарын жасап, суреттер салып, электронды презентациялар дайындап, шығарма жазды. Мәдениет үйінің фойесінде оқушылардың ұсынылған еңбектерімен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі Ағзам Тастеміров, облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев және Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі қалалық мәслихат депутаты Павел Афанасьев танысты. Барлық шығармашылық жұмыстар көз тартарлық қызықты болды. Соның ішінде ерекше көзге түскені Новоишим қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы Марғұлан Қалидың өз қолымен жасаған композициясы.
Іс-шараның басталмас бұрын зал лық толып кетті. Ауданның барлық мектептеріндегі 6-11 сыныптардың оқушыларынан бөлек, барлық мемлекеттік органдардың басшылары, дәрігерлер, мектептер мен колледждердің директорлары және жиынға қатысуға ниет білдіргендер жиналды. Бағдарлама тұсаукесерінің бірінші жартысында барлығының назары LED-экранда болды. Себебі, көрермен назарына "Тұздар мен спайстар. Құрдымға апарар жол...» атты 19 минуттық бейнефильм көрсетілді. Оқушылар бейнефильмді үлкен қызығушылықпен көріп шықты.
Фильмнен кейін нашақорлықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Иван Терзиди, аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Сандуғаш Маткенова баяндамаларын оқыды.
Аудандық шығармашылық ұжымдардан келген жас өнерпаздардың өнерлері, Полиция департаменті жанындағы Мәдени орталықтың әншілері орындаған әндер мен билер іс-шараның ажарын аша түсті. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Полиция бөлімі қызметкерлері дайындаған «Есірткісіз болашақ» жылы аясындағы бейнеролигі көрермендердің қошеметіне ие болды. Тәртіп сақшылары мектептерде профилактикалық сипаттағы дәрістер оқып, волейбол мен футболдан турнирлер өткізді, автошеру ұйымдастырды.
Көптен күткен сәт те келіп жетті. Шығармашылық байқауларға қатысқан балалар өздерінің марапаттарын тағатсыздана күтіп отырды. Бірден 12 оқушы СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың қолынан грамоталар мен сыйлықтарын алды. Олардың арасында «Біз есірткіге қарсымыз» атты қолөнер бұйымдары байқауында бірінші орынды Новоишим қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы Марғұлан Қали иеленді. «Есірткісіз болашақ» суреттер байқауында қазылар алқасы Новоишим орта мектебінің 7-сынып оқушысы Нариман Шәріповтің жұмысын үздік деп таныды. «Есірткісіз болашақ» атауымен эмблема дайындауда Возвышенск орта мектебінің 10-сынып оқушысы Артем Герасимовке тең келер оқушы болмады. «Нашақорлыққа жол жоқ! Мен сау болғым келеді!» шығармалар конкурсының қорытындысы бойынша бірінші орынды Возвышенск орта мектебінің 10-сынып оқушысы Милана Жұмабаева иеленді.
Өңірдің бас полицейі Марат Төлебаев балалар мен мұғалімдерге бағдарламаны іске асыруға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, әрбір бала мен мұғалімнің жасампаздық үлесі байқалғанын, мұның маңызды екенін және тек қана жалпы күш-жігермен қазіргі заманғы есірткі саудагерлеріне қарсы тұруға болатынын атап өтті. Аудан әкімі Ағзам Тастеміров жерлестерінің алдында сөз сөйлеп, синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күресте полиция қызметкерлерінің мүдделі органдармен бірлесіп жүргізіп жатқан жұмысы тиімді екенін айтты. Сондай-ақ, аудан әкімі келешекте жігіттер мен қыздар зиянды заттардың салдарын білсе, оларды қолданудан бас тартатындықтарына сенім білдірді.
Жақын арада осындай іс-шараларды тәртіп сақшылары Жамбыл, Аққайың, Ақжар және Уәлиханов аудандарының балалары мен жастары үшін өткізбек.







































СҚО ПД баспасөз қызметі
